Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алу үшін конкурс
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2016-2017 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2016-2017 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы, Астана, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.
Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Байқауға қатысу үшін өтініш беру; (ЖҮКТЕУ)
2) Сауалнама толтыру; (ЖҮКТЕУ)
3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4) 086/у медициналық анықтама формасы;
5) Үміткердің тұрғылықты орнынан анықтама;
6) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек.
Орта білім беретін ұйымдардың 7-11(12) сыныптарын толық аяқтаған үміткерлер Зияткерлік мектептердің осы сыныптарында қайта білім алуға үміттенуіне құқығы жоқ.
7) Үміткердің 3х4 фотосы – 2 дана;
Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.
Құжаттарды қабылдамауға негіз болып табыла алады:
— Байқауға іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен өтінішті кешіктіріп берген жағдайда;
— Көрсетілген құжаттардан басқа құжаттары толық болмаған жағдайда.
Құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 30 желтоқсан мен 2016 жылғы 6 ақпан аралығында келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:
1) Астана қ. (физика-математикалық бағыттағы), №31 к., 37 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), тел.:8(7172)55-98-03
2) Астана қ., №31 к., 35 үй (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында, Назарбаев Университетінің арты), тел.: 8 (7172) 55-80-33
3) Ақтау қ., 33 ы.а., тел.: 8(7292)701066
4) Ақтөбе қ., Батыс-2 ы.а., 26 аймақ, тел.: 8 (7132) 70-47-80
5) Алматы қ. (физика-математикалық бағыттағы), Жамақаева к., 145, Нұрлыбаева к. қиылысы, тел. 8(727) 331-01-00
6) Алматы қ. (химия-биологиялық бағыттағы), Наурызбай ауд., Қалқаман-2 ы.а., Елібаев к., 2 үй. ., 145, Нұрлыбаева к. қиылысы, тел. 8(727) 331-01-10
7) Атырау қ., Нұрсая ы.а., 11 к., 22 ғимарат, тел.: 8 (7122) 55-85-51
8) Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы, 62, тел.:8 (7212) 558880
9) Көкшетау қ., Мирзоян ат. к. 59, тел.: 8 (7162) 25-31-40
10) Қостанай қ., Гагарин ат. к., 239 үй, тел.: 8(7142)999-747
11) Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к. 8, тел.: 8 (7242) 55-11-51
12) Павлодар қ., Ткачев ат. к. 16/2 үй, тел.: 8 (7182) 70-47-40
13) Петропавл қ., И.Ибраев ат. к., 22А үй, тел.: 8(7152)55-97-22
14) Семей қ., Қабылбаев к. 32, тел.: 8 (7222) 53-18-88
15) Талдықорған қ., Каратал ы.а., 47 үй, тел.: 8 (7282) 21-98-63
16) Тараз қ., Арай массиві, Домалақ ана к. 266 үй, тел.: 8 (7262) 99-98-55
17) Өскемен қ., Комсомольская к. 43/1 үй, тел.: 8 (7232) 60-40-03
18) Орал қ., Московская к. 16 үй, тел.: 8 (7112) 22-27-04
19) Шымкент қ. (физика-математикалық бағыттағы), Ақжайық ы.а., Элитный қалашығы, 6 құрылыс, тел.: 8 (7252) 29-44-88
20) Шымкент қ. (химия-биологиялық бағыттағы), Нұрсәт ы.а., 1А үй, тел.: 8 (7252) 42-51-70
Тестілеу 2016 жылғы 12-13 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.
Дереккөзі: http://nis.edu.kz/kz/applicants/evets-pupil/?id=4719
Мен 2005 жылы 9 маусымда дүниеге келдім.Мен қазір ҚХ Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта мектебінің 6 ә сынып оқушысымын.Мен Сарыағаш қаласында тұрампын.Менің отбасымның саны 6.