Бүгін сенбі, мен алдыңғы күні аяқ астынан жоспарымды өзгертетін болдым. Өйткені Оксфордқа да, Кембриджге де, Кардифке де барғым келіп жатыр. Енді Кардифке бара алмай қалуым мүмкін, бірақ Кардивте жұмыс жасап жатқан (бұрын таныс) Лена хабарласып жол түссе келіңіз деген болатын.  Оксфорд Лондоннан бір жарым сағаттық жер. Негізі аздау болуы керек, бірақ кері қайтқанда росындай уақытты алды.

Сонымен Оксфордқа баратын пойызға отыру үшін Паддингтон деген станцияға баруыңыз керек. Өзіңіз тұратын жерден көп болмаса да , біраз уақытты алуы мүмкін. Мен екі рет ауысып отырып жеттім. Сол жерде билет сатып алдым, барып қайту шамамен жиырма бес паунд. Билетті сатып алып, айналама қарап жүрмін.

Мынау Паддингтон станциясы:

20141108_095720 20141108_095909

Оксфордқа бара жатқан жолда:

image

 

image image image image

 

Оксфордқа жеткенде жаңбыр жауып тұрғанын көрдім. Қолшатырым Глазгода болса да Лондонға келерде көп ойланып алмап едім, енді бекер істегенімді көріп жүрмін. Бұл жақта жаңбыр жауа береді екен.

Сонымен алдын ала дайындалып келмеген соң, сол жерде қайда қалай баруым керек екенін нақтыладым. Туристерге арналған ақпарат орталығы бар екен, қолыма буклеттерін ұстатты, автобус туры туралы айтып берді, бағасын айтты. Күн салқындау және жаңбыр болған соң, жаяу жүрмей автобус турын алайын деп шештім. негізі жаяу жүріп те аралап шығуға болады екен. Сонымен Глазгода университетте курс алғаным үшін студент картасын берген болатын, соны айтып едім, он үш паунд тұратын билет, он бір паундқа түсті. Бір қызығы бұл жақта студент екеніңді дәлелде деп жатпайды, құжатты сұрамай ақ сөзіме сеніп билетін берді. Бәрін дұрыстап сұрап алып, далаға шықтым, негізі қызыл автобус деген, сөйтсе жасыл автобуста жүреді екен, Мен шыққанша қызыл автобус кетіп қалды, сондықтан жасылына бардым. Гид микрофонмен жол бойы түсіндіріп, тарихын айтты, қолымызға құлапқап берген сол арқылы тыңдадым. Екінші қабатына шығып аздап отырып едім, жаңбыр қайта жауа  бастаған соң төменге түстім.

Оксфорд университеті біреу деп ойлайтындар қателеседі. Бұл университет бүкіл қалада орналасқан қырық колледжден тұрады. Яғни олар қаланың әр бөлігінде болуы мүмкін.

Уақыт тауып тағы толықтырып жазамын. Әсер өте жақсы, жаңбыр аздап мазаны алғаны болмаса. Әсіресе Ңылым тарихының мұражайы ұнады, басқа мұражайлар мен қамалдарға бара алмадым, тек сыртынан көріп кеттім. Кейбір колледждер сол жерде өтіп жатқан ішкі шараларға байланысты жабық екен, кірме деген белгі тұрған соң кірмей кеттім.

Екінші үлкен әсер қалдырған нәрсе сол жердегі ең үлкен кітап дүкені. Енді кітап сүйер қауым үшін іздеген нәрсесінің бәрі бар. Барлық нәрсені сатуға бейімдеп жасайтындары ұнап жатыр, мұражайда да, университетте де, кітап дүкенінде де жарнамалық материалдар көп, яғни, кітапшалар, ашықхаттар, тақырыптық сурет салынған кружкалар, сувенирлер, т.с.с. толып жатқан нәрсе. Түрлі саладағы кітаптарды айтпай-ақ қояйын. Кітапты тасуды ауыр көріп сатып алмадым, өкінемін, бірақ қайтуға жақындағанда барып сатып алармын. Өйткені кейбір кітаптардың қазақ тіліне аударылуы екіталай, ағылшын тіліндегі кейбір кітаптар еліміздің дүкендеріне де түседі деп ойламаймын.

Сонымен жақсы әсермен, көптеген жаңа оймен Лондонға бет алдым. Тағы келемін, Оксфорд, күт мені. (Жуық арада келе алмасам онлайн курстарын оқимын деп өзіме сөз беріп жатырмын)

20141108_141553 20141108_142840 20141108_150529 20141108_150843 20141108_150858 20141108_150916 20141108_150924 20141108_150932 20141108_151046 20141108_151234 20141108_152431 20141108_152724 20141108_154024

Глазго — Лондон — Оксфорд

08.11.2014

626
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *