Оригами қорапша жасаудың 3 сабағы

Сыйлық сыйлағанды ұнатасыз ба? Сыйлығыңызды ерекше қорапшаға салып беріп, достыңызды не отбасы мүшесін онан сайын қуантыңыз келе ме? Онда сыйлық сыйлар кезде немесе мереке қарсаңында ерекше қорапша іздеп жүрмес үшін, оған қоса бала-шағаңызбен көңілді уақыт өткізгіңіз келсе, мына 3  бейне роликке көңіл аударыңыз. Бірге жасайық, бірге қуанайық! Білмейтінімізді үйреніп, жақсы дағдыларымызды дамыта берейік.

  1. Масу қорапшасы.

Ең танымал және ең оңай оригами қорапшасының түрі. Бейнеде көрсетілген нұсқаларды қайталай отырып, сіз тез арада қорапша жасауды үйреніп аласыз. Бар болғаны 15 см х 15 см төртбұрышты қағаз керек (қорапшаның көлемі 5 см. болып шығады). Алғашында, қолыңыз үйренгенше, қымбат емес офистік ақ қағазды немесе дәптер парақшасын қолданған жөн. Кейін қымбат арнайы қағаздардан әдемі қорапшалар жасауыңызға болады.

Қақпағы бар  қорапша жасағыңыз келсе, онда алғашында бір қорапша жинап алыңыз, сосын екінші қорапшаны жинаған кезде ортасын бүгу сәтінде (бейне роликтің 2:15 минутында) қағазды қақ ортасына 2-3 миллиметр жеткізбей бүгіңіз, сонда бұл қорпаша біріншісінен аздап кеңірек болып шығады да, сіз онымен алғашқы қорапшаны жаба аласыз.

Ал енді мына сілтемені көріп, Масу қорапшасын жасауды үйреніңіз.

  • Қақпағы бар қорпаша

Бұл қорапша алдыңғысы сияқты жиналса да, олардың айырмашылықтары бар. Бұл қорапшаның қақпағы біртұтас, жақтары биік және квадрат түрінде. Дайын қорапша кубқа ұқсас болып шығады. Масу қорапшасын үйренгендер үшін бұл қорапшаны жинау онша қиын емес екенін атап айтайық.

  • Призма қорапшасы

Топса сияқты ашылатын бұл қорапша екі қабаттан тұрады, сондықтан берік болып шығады. Негізінде екінші қабатты жасамай-ақ қоюға да болады. Бірақ егер сіз әдемі, екі түсті қорап жасағыңыз келсе, онда екі қабат қылып жасаған дұрыс. Сонымен қатар қорапқа әр түрлі түйме, бау жапсырып безендіруге болады.

Сізге керек: 2 дана А4 көлеміндегі түрлі түсті қағаз (алғашында жай ақ қағазды қолданыңыз). Ісіңізге сәттілік тілейміз!

734
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *