Оятқышсыз қалай оянуға болады?

Ұйқы – өміріміздің бөлінбес бір бөлігі. Ұйқысыз өмір жоқ. Бұл – жұмыс өнімділігі туралы сөз қозғалғада жиі көтерілетін тақырыптардың бастысы. Көптеген табысты адамдар жұмысқа таң атпастан кірісетіні туралы айтады. Осы уақытта олар жұмысты барынша тиімді атқарып, қабілеттері де жоғары болады екен. Бірақ оятқышпен  емес, өз күшіңізбен қалай оңай тұруға болады?

Белгілі бір өмір ырғағына еніңіз

1. Апта ішінде қай уақытта жиі оянатыныңызды анықтаңыз. Ылғи сол уақытта ұйқыдан тұруды мақсат етіңіз.

2. Сағат қоңырауын сол уақытта шырылдайтындай қойыңыз. Біздің денеміз қайта айналып келетін кезеңдерге тез бейімделеді. Белгілі бір уақытта оянуға жаттыға отырып, сіз ағзаңыз бейімделетін тәулік ырғағын қалыптастырасыз.

3. Сізге ұйқыға қанша уақыт керектігін анықтаңыз. Жасыңызға байланысты сізге әр түнде 7-10 сағат қажет болуы мүмкін (айта кетейік, Наполеон “Ақымаққа 8 сағат, әйелге 6, ер адамға 4 сағат ұйықтау керек” деп айтып кеткен екен. Бірақ мұндай сөздердің бәріне сене беруге болмайды).

4. Күн сайын шамамен бір уақытта ұйықтауға жатыңыз.

5. Сағат қоңырауымен ояну әдетінен арылыңыз. Кем дегенде бір апта бойы ұйықтау ережесін (жату, тұру) сақтағаннан кейін сіз сағат қоңырауынан  бас тарта аласыз.

Сезімдеріңізді қолданыңыз

Сіз ұйықтайтын ортаңызды зерттеп, айналаңыздағы ұйқыға кедергі жасайтын жағдайлардан арылуға тырысыңыз. Олар:

• жарық

• шу

• қоршаған орта температурасы

• әр түрлі иістер.

Ең оңайы – жарық. Жарықты сөндіріп, терезеге қалың перде жабуға болады. Шудан құтылу үшін барлық құрылғыларды сөндіріп, телефонды барынша алыс қою керек. Ал даладағы шудан мықты жасалған терезелер қорғайды.

Ұйқыға байланысты айтатын нәрсе көп, оны келесі жолы жалғастырамыз. Күнде уақытында ұйқыға жатып, таңертең ұйқыңыз қанып, сергек ояныңыз.

512
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *