Онлайн қолдануға болатын  «Педагогика сөздігін» іздеп, бірақ таба алмағандықтан, әзірге осы бетте кейбір терминдер мен олардың түсіндірмелерін жинақтай берейін. Қызығушылық танытқан оқырмандарды пікір ретінде өз ұсыныстарын, өздері білетін терминдердің түсіндірмелерін жазып отыруға шақырамыз.

Педагогика сөздігі

БЕЙІМДІ-БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ — оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады.

БІЛІМ  —  1. Адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының т.б. жиынтығы.

2. Оқу, үйрену арқылы алынатын (келетін) дүниенің қандай да бір қыр-сыры туралы түсінік (таным).

3. Кәсіби біліктілік, мамандыққа қатысты ұғым, деректер жүйесі.

4. Қандай да істі жүзеге асыру жолдары мен әдіс-тәсілдерінің жиыны.

5. Белгілі бір сала (мәселе) туралы арнайы мәліметтер жиыны (жүйесі).

БІЛІМДІК  ОРТА  — қандай да бір бағыт, сала бойынша қажетті білімдер жүйесін меңгертуге, қалыптастырып дамытуға қолайлы жағдайлар жасалған ая, кеңістік.

ЗЕЙІН (ағылш. Attention) – 1.Адам санасының белгілі бір зат немесе шындық құбылысына бағытталуын көрсететін психикалық әрекет. 2. Нәрсені қабылдағанда, елестеткенде, ойлағанда, тыңдағанда, сананың соларға бағытталуы. Адамның санасының айналадағы объектілердін, болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің ішінен керектісін бөліп алып, соларға тұрақталуы. 3ейін салатын зат, құбылыс немесе үдеріс адамның кәсіби қызметіне қатысты болуы мүмкін немесе адам белгілі бір тапсырмамен жүрсе, соған қатысы барға адам зейін аударады. Зейін қоя білу – мағлұмат шындық қасиеттің негізі болып табылады. Сондықтан білім беру үдерісінде оның алатын орны ерекше. Оның түрлері: epікciз, epiкті зейін.

МҰҒАЛІМ —  Мектепте, басқа да кейбір орта оқу орындарында оқушыларға сабақ беретін оқытушы ұстаз, маман.

ОҚЫТУ — Білім беру, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету және оларды меңгеру үдерісі мен адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың басты тәсілі.

ҚАЖЕТТІЛІК – 1. Организмнің тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін объективті мұқтаждық. 2. Өмір мен дамудың белгілі бір жағдайларында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы үдеріс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ – адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерiмен айналысатын психологиялық ғылым саласы (iскерлiк, дипломатиялық, ұжымдық, отбасылық, қызметтiк және т.б).

ҚАСИЕТ – 1. Адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым.  Адам бойындағы қасиет жағымды және жағымсыз болып жіктеледі. Жағымды қасиеттер (имандылық, инабаттылық, ізеттілік, адамгершілік, ар-аброй, адалдық пен әділеттілік, т.б.) адам бойында тәлім-тәрбие арқылы қалыптасады. 2. Зат, қатынас және сапа категорияларымен салыстырылып, солар арқылы анықталатын ұғым.

ҚИЯЛ – адамның бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа образдар, соны елестер мен идеялар тудыру үдерісі. Ол – адамның айқын болмысты жаңа, күтпеген, әдеттен тыс басқаша байланыс пен үйлесімділікте бейнелеуі. Ол ойлау жүйесіне ғана тән психикалық үдеріс.  Әрбір адамның қиял ерекшеліктері сол адамның құмартып қызығуына, жеке басының ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсатына байланысты. Сондай-ақ қиялдың мазмұны мен түрі адамның жас ерекшеліктері мен білім тәжірибелеріне де байланысты болады.

ҚОҒАМДЫҚ САНА – белгілі қоғамда ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына қарай қалыптасқан саяси, философиялық, эстетикалық идеялардың жиынтығы.

ҚОРҚЫНЫШ – индивидтің биологиялық не әлеуметтік тіршілігіне қатерлі жағдаяттарда туындайтын және шын мәніндегі не елестетудегі қауіп  көзіне бағытталған эмоция. Қорқыныш–бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім,  үрей.

ҚОРШАҒАН ОРТА–адамның тіршілік етуін, қалыптасуын, іс-әрекетін анықтайтын барлық табиғи, қоғамдық, материалдық және рухани жағдайлар.

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ (латынша interest – мәні бар, маңызды) – дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады.

ЛОГИКА  (грек. logike–сөз, сөйлем, ой, ақыл) – 1. Дүниені танудағы абстрактілі ойлаудың формалары мен заңдары жөніндегі ғылымдар жиыны. Логиканың негізгі мақсатымен зерттеу пәні танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру. 2. Ойлаудың жолдарымен оның формалы  туралы ғылым  3. Ойлану барысы, ой қорытындысы.

МАҚСАТ – 1.Адамның қол жеткізуі тиіс нәтижені саналық деңгейде алдын ала ниеттеуі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс-қимылды бағыттап, реттеп отырады. Адам өз ерік-жігерін бағындыратын ішкі заң есебіндегі практикаға өзек болады. Алда орындалатын әрекет нәтижесінің айқын бейнесі. Адамның алдына қойған мақсаты әрдайым дәлелді себептерден, яғни, түрткілерден тұрады. Әрекет барысында түрткілер мен мақсат-міндеттер өзара байланысты, бір-бірімен алмасып, өзгеріске түсіп отырады.

МӘЛІМЕТ – белгілі бір оқиға, не жұмыс жөнінде ауызша немесе жазбаша түрде берілетін ақпарат.

МӘН – іс-әрекет пен қарым-қатынастың бірлігі арқасында адамның шындықтағы құбылыстарды жалпылай алуының нысаны. Мұндайда адам қоғамдық-тарихи тәжірибені, түрлі ұғымдар мен рөлдерді, құндылықтар мен нормаларды меңгеруге мүмкіндік алады, бұлардың жекелеген мағынасын жан қуаттары мен (қабылдау, ес, ойлау, қиял жөне т.б.) мінез-құлқының түрлі актілері арқылы бейнелеп отырады.

МЕКТЕПТЕГI ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ –  әрбiр баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететiн жағдайлармен қамтамасыз ету негiзгi мақсаты болып табылатын бiлiм беру жүйесiндегi арнайы сала.

МЕЛАНХОЛИК – темперамент типі. Эмоциялық қозуы шабан, күшті, тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алып, олар бойын билеп кетеді, санасында терең із қалдырады, көңіл-күйлері бір қалыпта ұзақ сақталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, сыртқы жағдайлардан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе уайымдап қажи түседі, қимыл-қозғалыстары ақырын, баяу болады, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді.

МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ – адамның  өзімен-өзі және басқа адамдармен өзара қатынастарды құру негізіндегі өзі туралы түсініктер жүйесі.

МОНИТОРИНГ (лат. monitoring — ескертуші, бақылаушы) – 1. Қоғамда немесе оның қайсыбір топтарында болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде өлшеу жүйесі. Бұл орайда, іріктеменің бір ғана ұстанымның қолданылуы және мәлімет жинау үшін бір ғана амал-құралдардың пайдаланылуы шарт 2. Күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу, адамның шаруашылық қарекетіне байланысты қоршаған ортаның жай-күйін қадағалау, бағамдау және болжамдау; 3. Адамдардың мінез-құлқын бақылау үшін немесе когнитивтік не эмоциялық тұрғыдағы өзінің ішкі үдерістерін бағамдау үшін адамның өзіне қатысты бақылаулар.

МОНОЛОГТІК СӨЙЛЕУ– ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етеді. Әдетте бұл кең көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып қорытылған баян.

МҰРА–  1. Ата-бабадан әке-шешеден қалған дүние мүлік, мирас, салт-сана.    2. Ежелден келе жатқан мәдени нұсқалар.

МҰРАТ (Идеал – елестеу) – Жеке адамның немесе қоғамдық таптардың мінез-құлқы мен арман-тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын рухани бейне, үлгі, белгілі мақсатқа бағытталған адам қызметінің жалпы формасы. Адамның өмірден өзіне өнеге іздеуінен, біреуді үлгі тұтып кастерлеуінен байқалатын қасиет. Мұрат – кісінің алдына қойған аса ардақты, ең асыл мақсаты. Мұратқа жету үшін, қолдан келетін әдіс-тәсілдің бәрін сарқа пайдаланып, оған күшті ерік-жігер мен қажыр-қайратты жолдас ету қажет. Дұрыс дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің нақты байланысы бар жерде ғана адамда мұрат қалыптасады. Ол жақсыға жетуді арман етіп, сол үшін әрекет жасау.

МҮДДЕ – алға мақсат қойып, сол мақсатқа жету әрекетінің негізі. Мақасаттың түпкі негізі. Мақсат-мүддесіз адам болмайды. Адам мүддесіне еңбекпен жетеді. Мақсат  тұлғаның іс-әрекеттің мақсатын ұғынуға бағыттылыгын қамтамасыз ететін танымдық қажеттіліктің көріну нысаны. Ол болмысты терең ұғынуға, бейнелеуге, жаңа фактілермен танысуға қажетті бағдарды анықтайды

МІНДЕТ – бұл мақсатқа жету жолындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтижеде болмайды. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда болады.

МІНЕЗ 1.Жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына, табиғатқа қатынасын білдіретін негізгі, тұрақты психикалық сипаттары. 2. Белгілі бір адамға тән мінез-құлықтың өзгерісімен, адамдарға, өзіне, жұмысқа деген қарым-қатынасымен сипатталатын жеке адамның қалыптасқан ерекшеліктері. Әр адамға тән, лайық психикалық қасиеттердің жиынтығы.

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ – адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Адамның іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан байқалатын өзіндік қасиет. Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі қылық. Мұнда әр адамның өмірлік беталысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді.

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ – бұл айналасындағылармен қарым-қатынасында, өз шамасын білу және әдептілік сақтау.

НАСИХАТ– 1. Ақыл-кеңес, өсиет.   2. Белгілі бір жаңа идеяны немесе ғылыми жетістігін елге тарату.

НӘТИЖЕ –белгілі бір іс-әрекеттің қорытындысы, жемісі.

НИЕТ – бір нәрнесеге деген пейіл, ықылас, ынта. Адамды қимыл-әрекетке итермелеуші психикалық түрткі. Адам алдына мақсат қойғанда белгілі бір мотивті немесе ниетті басшылыққа алады. Ниетсіз, себепсіз мақсат қойылмайды. Адамды нысанаға бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де осы ниет.

ОЙЛАУ– адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарының өздеріне тиісті қарым-қатынастарын жалпылап миында бейнелеу. Ойлау адамның сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдей отырып, адамның сезім дүниесінен тыс құбылыстарды танып-білуіне мүмкіндік жасайды. Ойлаудың дамуы әрекетпен байланысты.

ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІ — адамның ақыл-ой қызметінің әдіс-амалдарын, нормалары мен ережелерін меңгеру дөрежесі, міндеттерді дәлме-дәл тұжырымдап, оларды орындаудың оңтайлы жолдарын таба білуінен, негізді қорытындылар шығарып, оларды іс-әрекетте дұрыс қолдана алудан көрінеді. Кез келген іс-әрекеттің мақсаткерлігін, ұйымшылдығын, нәтижелілігін арттырады.

ОЙ-ӨРІС – білім мен қызығушылықтың тереңдігі, жаңа білімге талпынушылық, адамның рухани байлығының бейнесі.

ОЙЫН – 1. Ойнау үшін жасалатын әрекеттер.  2.Әзіл, қалжың, әжуа.

ОЙЫН-ЖАТТЫҒУ ─ балалардың танымдық қызығушылықтарын жандандыру және меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластармен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.

ОҚУ – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру үдерісі. Мектеп жағдайында оқу оқытумен өзектес жүреді. Оқу оқушының ақыл-ой және дене жұмысының жиынтығын бейнелейді.

ОҚУ-БІЛІМ – ізденумен, үйренумен жиналған білім, мағлұмат жиыны.

ОҚУДЫ ИГЕРУ– оқу үдерісiнде адамның бiлiмдi, бiлiктi және дағдыларды игеруiнiң жылдамдығы мен сапасының жеке өзiндiк көрсеткiшi.

ОҚУЛЫҚ– оқу бағдарламасы мен дидактикалық талаптарға сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелеп, баяндайтын  оқу кітабы.

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ – оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

ОҚЫТУ ҚАҒИДАТТАРЫ – оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады.

ОҚЫТУ МІНДЕТІ – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын, іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

ОТБАСЫ –әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың және бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы. Отбасы тәрбиесі – ұлттық тәрбиенің негізі болып табылады.

ОҚЫТУШЫ — Жоғары оқу орындарында сабақ, дәріс, семинар, лаборатория жұмыстарын басқаратын оқу пәнінің маманы.

ЖҰПТАСТЫРА ОҚЫТУ

ПСИХОЛОГИЯ — психиканың заңдылықтарын,психикалық құбылыстарды, үдерістердi, қалыптарды, индивидтiң даму жолын және оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының қалыптасуын зерттейтiн ғылым.

Augmented reality (AR) is a live, copy, view of a physical, real-world environment whose elements are augmented (or supplemented) by computer-generated sensory input such as sound, video, graphics or GPS data. It is related to a more general concept called mediated reality, in which a view of reality is modified (possibly even diminished rather than augmented) by a computer. As a result, the technology functions by enhancing one’s current perception of reality. By contrast, virtual reality replaces the real world with a simulated one.

Activate prior knowledge

To get learners to think about and to say what they know about a topic. Teachers activate learners’ previous knowledge when they are preparing learners for a lesson or to read or listen to a text. Research has shown that when learners’ previous knowledge is activated, reading and listening comprehension and learning is increased.

Assumptions

When teachers think about what they believe their learners will or will not know or how they will behave in a particular lesson. For example, a teacher plans to teach a lesson on simple electrical circuits: the teacher may make the assumption that learners will know what the main components of a simple circuit are: battery, light bulb, switch, wire (because the teacher has already taught these terms in a previous lesson) and so knows he/she will not need to spend time in the lesson presenting these words.

Contraction

A shorter form of a group of words, which usually occurs in auxiliary verbs, eg you have = you’ve; it is = it’s.

Elicit

A teaching technique teachers use when they think that some learners know a piece of language or other information. He/she asks targeted questions or gives clues to get or prompt learners to give the target language or information rather than simply providing it to the class her/himself.

Higher order thinking skills (HOTS)

Skills such as analysing, evaluating and creative thinking. These develop reasoning skills, critical judgement and production of new ideas, eg how can we change the design of the building to make it more energy efficient? Higher order thinking involves the use of advanced language.

Learning objectives

What most learners will be able to know and understand, to do and be aware of by the end of a lesson, a unit or course.

Lower order thinking skills (LOTS)

Skills such as remembering, understanding and applying new subject knowledge. Learners develop LOTS, for example, when they recognise new vocabulary, classify, give examples and compare objects. Lower order thinking can involve the use of basic or advanced vocabulary.

Sentence stress

Sentence stress is about the way some words in a sentence are stressed and some are unstressed. The stressed words are usually the information-carrying words or content words such as nouns, verbs, adjectives and adverbs.

Stressed sounds

Parts of a word (syllables or sounds) which are pronounced louder and longer than other parts.

Stress-timed language

There are stress-timed languages and syllable-timed languages. In syllable-timed languages, such as Cantonese, French, Spanish and Turkish, every syllable in every word is equal. For example, Je suis Français has four syllables and all four are the same length (Je-suis-Fran-çais). In stress-timed language, such as English and German, every syllable is not equal, some are stressed and some are unstressed. For example, I am English has four syllables but the only syllable we stress fully is Eng (I-am-Eng-lish), the other syllables are unstressed and are shorter.

Unstressed sounds

Parts of a words (syllables or sounds) which are not fully pronounced. They are shortened in a word or a sentence.

Visual organisers

Aids such as diagrams and charts which are used to help learners remember and understand new information by making it visual. Visual organisers involve reading, writing down or drawing ideas then seeing or making connections. Organisers can be simple or complex but all of them have connecting parts.

Collaborative learning is a situation in which two or more people learn or attempt to learn something together. Unlike individual learning, people engaged in collaborative learning capitalize on one another’s resources and skills (asking one another for information, evaluating one another’s ideas, monitoring one another’s work, etc.).

Educational entertainment (also referred to by the portmanteau «edutainment», which is education + entertainment) is any entertainment content that is designed to educate as well as to entertain. Content with a high degree of both educational and entertainment value is known as edutainment. There also exists content that is primarily educational but has incidental entertainment value. Finally, there is content that is mostly entertaining but can be seen to have some educational value. The term edutainment was used as early as 1948 by The Walt Disney Company to describe the True Life Adventures series. The noun edutainment is a neologistic portmanteau used by Robert Heyman in 1973 while producing documentaries for the National Geographic Society. It was also used by Dr. Chris Daniels in 1975 to encapsulate the theme of his Millennium Project. This project later became known as The Elysian World Project. The offshoot word «Edutainer» has been used by Craig Sim Webb since before the turn of the millennium to describe an individual who offers edutainment presentations and performances.

Handheld Learning   (Handheld — designed to be used while being held in your hands)

Peer learning is an educational practice in which students interact with other students to attain educational goals. In this context, it can be compared to the practices that go by the name cooperative learning. However, other contemporary views on peer learning relax the constraints, and position peer or peer-to-peer learning as a mode of «learning for everyone, by everyone, about almost anything.»  Whether it takes place in a formal or informal learning context, peer learning manifests aspects of self-organization that are mostly absent from pedagogical models of teaching and learning.

Project-based learning is considered an alternative to paper-based, rote memorization, teacher-led classrooms. Proponents of project-based learning cite numerous benefits to the implementation of these strategies in the classroom including a greater depth of understanding of concepts, broader knowledge base, improved communication and interpersonal/social skills, enhanced leadership skills, increased creativity, and improved writing skills.

Project-oriented learning engages learners in some kinds of projects that usually will lead to products. However, the main goal the process is the learning effect and not the product in itself.

2249
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *