Психологтың кеңесі: күйзеліс пен мазасыздықты жеңу жолдары

Күйзеліс пен мазасыздық адам ағзасына зиян тигізіп, өмірге қажет күш-қуатты жояды, жағымсыз сезімдерді туғызады

 Мазасыздық пен күйзелістен айырылу үшін келесі ережелерді қолданыңыз:

  1. Күшіңіз жетіп, өзгерте алатын заттарды өзгертіңіз, өзгертуге болмайтын жағдайларды тағдыр ретінде қабылдаңыз.
  2. Айналаңызда болып жатқан жағдайларға оң көзбен қарап, жақсылығын табуға тырысыңыз. Ең жаман жағдайлардың да пайдалы жағын көруге тырысыңыз.*
  3. Нақты осы күнде өмір сүруге үйреніңіз және әр күннен рахат алуға тырысыңыз*
  4. Тағдырыңызға өкпелемей, бұдан да жаман жағдай болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз.
  5. Жағымсыз адамдардан алшақ болыңыз. Ондай адамдармен жұмыс істеуге мәжбүр болсаңыз, өзіңіздің оларға ұқсамайтыныңызға қуаныңыз.
  6. Өзіңізді бағалаңыз, басқалардың сіз туралы не дейтінін ойламаңыз. *
  7.  Қызықты адамдармен көбірек араласыңыз. Адамдармен байланыс машықтарын жақсартыңыз.
  8. Керек болса өз қабілеттеріңізді асыра көрсетіңіз*
  9. Тұрмысыңызды уақытты зая кетірмейтіндей етіп ұйымдастырыңыз.
  10. Өз өміріңізді жоспарлаңыз.

*  — бұл ережені қалай жүзеге асыруды білмесеңіз, мамандардың көмегіне жүгініңіз

2098
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *