Сабақ және каникул мерзімі оқу жылы басында білуіміз қажет ақпараттардың бірі. Өйткені ол уақытты жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұрынғы қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстанда мектептерде оқу жылы 1 қыркүйекте басталады, 25 мамырда аяқталады. Оқу жылы төрт тоқсанға бөлінеді, бірақ кейбір жеке меншік және халықаралық мектептерде 3 тоқсан болуы да мүмкін. Оған қоса оқу жылы 25 мамырда емес, маусымның ортасы не соңына дейін жалғасуы мүмкін.
Оқу жылының ұзақтығы көбінесе 33 не 34 аптаға созылады. Күзгі, қысқы және көктемгі каникулдарды қоса есептесек — барлығы 30 күнге созылады екен. Ал жазғы каникул 3 ай екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен бұл ерекшелік бастауыш және орта мектеп сыныптарында түрлі болып келеді.