Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жол түсіп келіп те қалдық. Зияткерлік мектептерінде жүргізіліп жатқан үшінші семинарымыз 12-13 сәуірде Семей қаласында өтіп жатыр.

Қазақстандағы Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлесіп жүргізіп жатқан жұмысымызтарымыздың басты мақсаты Уики және ТЕД үйірмелерін ұйымдастыру және сол арқылы оқушылардың ақпараттық технологияларды қолданып жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, интернеттегі қазақ тіліндегі ресурстарды көбейтуге өз үлестерін қосуға шақыру, жаңа жобаларды, ойларды, мәселелердің шешімдерін дамыту, оны түсінікті, ықшам, қызықты формада аудиторияға жеткізу, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан үшінші семинарымыз Семей қаласында жалғасып жатыр.

Бірінші күн дәстүрлі түрде Уикипедия ашық энциклопедиясының мазмұны мен құрылымын, онда жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныстыру бағытында басталды.

Топтық жұмыс:

Оқушылар бірнеше топқа бөлініп ұсынылған немесе өздері ұсынған тақырыптарға мақала жазады, өңдейді, бір-бірін толықтырады.

Үлгі ретінде алдын ала дайындалған мына мақала ұсынылады:

wikipage

Осы тақырыпты таңдаған оқушылар басталған мақалаға барып, жазылмаған бөліктерін толықтырады. Мысалы, «Мазмұны» бөлігін жазу керек, кейіпкерлерді сипаттау керек.

 

Жұмыс барысында жасалған суреттерді тамашалаңыздар.

950
Share

От bilimpaz

27 комментариев для “Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі”
  1. Cемей қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 12-13 сәуірде өтіп жатқан «Wikipediaклубы» TEDx NIS клубы» жобалары бойынша жүзеге асыру аясын кеңейту мақсатында семинар-тренинг өткізілді. Салыхова Бақытгүл Орынбасарқызының жетекшілігімен өткен семинардың үйретері көп. Осы семинар-тренингтер арқылы өз елімнің патриоты боламын, мемлекеттік тілімнің аясын кеңейтуге өз үлесімді қосамын дейтін әр азамат тіл дамытуға қатысты кез келген тақырыпта энциклопедиялық мақала жазуға, жазылған мақалаларды өңдеуге үйренеді, сол арқылы уикипедия қорын толықтыруға мүмкіндік алады. Семинарға қатысушы оқушылар энциклопедиялық мақала жазу, оған сурет қосу және медиафайлдармен жұмыс істеуді үйреніп, әр түрлі тақырыптар бойынша топқа бөлініп «Назарбаев Зиякерлік мектебі», «Семейдегі аспалы көпір», » Менің атым Қожа» романы туралы т.б. қызықты тақырыптар бойынша жұмыстар атқарып, өздері жазған мақалалар бойынша электронды кітапшалар жазуды үйренді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қазақ тіліндегі интеренет ресус тарының тілдік қорын молайтуға біздің оқушылар да өз үлестерін қосады деп сенеміз.

  2. Семей қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізіліп отырған Уики және ТЕД үйірмелеріне ұйымдастыруға арналған семинар оқушылардың білімдерін кеңейтіп, ақпараттық технологияларды қолдануға, интернеттегі қазақ тіліндегі ресурстарды көбейтуге , жаңа жобаларды жалғастыруға , өз ойларын толық түсіндіруге көп көмегі тиеді деп ойлаймын. Қазақ тіліндегі халыққа қажетті мақалаларды біздің оқушылар кеңейе түсері даусыз.
    Семинар- тренингте мақала жазуға машықтанған балалар топқа бөлініп, кітап жасауды үйренді. Көркем әдебиетті ақпарттық тұрғыда талдаудың жаңа қырын үйренді. Семинар жетекшісі Салыхова Бақытгүл Орынбасарқызының өткізген тренингі оқушылардың ана тілін құрметтеуге, тілді тануға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге әсері мол болары сөзсіз.

  3. Бүгін семинарға қатыстым, уикипедиямен жұмыс жасауды, мәлімет өңдеуді үйрендім, әрине, үйренген кезде біраз қиыншылық туды, кейіннен ол қателерді түсіндім. Топта жұмыс істеу де қызықты болды

  4. Мен бүгін УикипедиЯмен жұмыс жасай бастадым.Әр қадам сайын білгенім де көбеюде.Өз мақаламды да жариялауды үйрендім.Келешекте оқушыларға қажетті мол ақпарат жасап,оны мақала ретінде жариялаймын деген ойдамын.Уикипедия-өзіндей балалрға көмектесетін таптырмас құрал.

  5. Семинарға қатысқаныма ризамын. Білмеген көп нәрсені білдім. Барлығы қызықты болды, әсіресе онлайн кітапша жасаған ұнады. Келешекте «Қазақша Википедияны» дамытуға мақсат қойдым

  6. Мен бүгін семинарға қатыстым.Маған өте қатты ұнады.Уикипедиямен жұмыс істеу арқылы мен әр түрлі істерді үйрендім.Топтық жұмыс пен онлайн кітапша жасаған өте қатты ұнады!

  7. Семинар өте қызықты болды. Уикипедиямен жұмыс істеу ыңғайлы. Болашақта Қазақша-Уикипедияны дамытуға ат салысамын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *