Табысты инвестиция жасауға кедергі болатын 5 наным

Collaborative Fund  инвестиция қорының серіктесі, The Motley Fool мен The Wall Street Journal журналдарының бұрынғы шолушысы Морган Хосел «Ақша психологиясы» атты эссе жазды. Онда ол екі адам туралы айтады. Бірінші адам – ​​Грейс Гренер. Ол 12 жасында жетім қалды және күйеуге шықпады. Әйел өмірінің біраз уақытында шағын үйде жалғыз тұрып, хатшы болып жұмыс істеді. Ол қайтыс болғаннан кейін қайырымдылыққа деп 7 миллион доллар қалдырған. Оны білетін адамдар Грейс осыншама ақшаны қайдан алғанын түсінбеді.

Екінші адам –  ​​Merrill Lynch инвестициялық банкінің Латын Америкадағы бөлімінің бұрынғы вице-президенті Ричард Фусконе. Ол жақсы білім алып, өз саласында табысты болғаны соншалықты, 40 жасында зейнетке шықты. Кейінірек ол өзін банкрот деп жариялады, бұл үлкен несиелер мен өтімсіз инвестициялар алғандықтан болды.

Хауссель кез келген басқа салада жағдай осылай дамуы мүмкін емес екенін атап өтеді. Мысалы, Грейс Гронер жүрек кардиологынан гөрі операцияны жақсы жасайтыны күмәнді. Бірақ инвестиция саласында,  егер сіз ақшаны дұрыс басқара алсаңыз, бұл – мүмкін. Бірақ көбінесе қате наным-сенімдер кедергі жасайды. Бүгін осы наным-сенімдердің біразын қарастырайық.

1. Әркім өзіне лайықты нәрсені алады

Қаржылық табыста жиі сәттіліктің рөлін бағаламайды, себебі оны өлшеу мүмкін емес. Адам тек қана  кездейсоқ жағдайдың әсерінен табысқа жетті деу әдепсіздік болар. Сәтсіздіктермен де дәл солай. Сәтсіздікке ұшырағандар жеткілікті тырыспады, бәрін ойластырмады немесе жалқау болды деуге келмейді. Бірақ әдет бойынша біз сәтсіздіктерді тек қателіктермен байланыстырамыз. Ал мәселе осымен байланысты.

Адам өмірі – оның тәжірибесінің, таныстарының, сондай-ақ кездейсоқ жағдайлардың көрінісі.

Сіз тәуекелге де, сәттілікке де сене алмайсыз, өйткені бұл бір монетаның екі жағы. Олар кейде күш-жігерден гөрі нәтижеге әсер ететін басқа жағдайлар болатынын көрсетеді.

Кейбір адамдар білімді қолдайтын отбасында тәрбиеленеді, ал басқаларында керісінше болады. Кейбіреулер кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы экономикасы бар елде өмір сүреді, басқалары соғыс пен кедейлікте тұруы мүмкін. Байлықты жұмыс істеп табуға болады. Бірақ табыстың бәрі еңбекпен келмейді, ал кедейліктің бәрі жалқаулықтан емес. Адамдарды, соның ішінде өзіңізді де бағалап не ұрысқан кезде, осыны естен шығармаңыз.

2. Тәжірибе – ең жақсы кеңесші

Бір жақты көзқараста болсаңыз әрқашан сәтсіздікке душар боласыз немесе жеңілесіз. Сіздің жеке тәжірибеңіз – бұл әлемде болғанның 0,00000001%. Ал сіз, мүмкін, онымен болып жатқан нәрсенің 80% -ын түсіндіресіз. Сіз бұл сандар арасындағы тұңғиықты сезінесіз бе?

Туған жері мен уақытқа, белгілі бір отбасының тарихына байланысты адам әлем мен экономика туралы мүлде өзгеше түсінікпен өсуі мүмкін. Егер сіз тек қана өз тәжірибеңізге сүйене отырып шешім қабылдасаңыз, онда көңіліңіздің қалу қаупі бар.

Егер сізге басқа адамдардың ақша салу немесе үнемдеу стратегиясы күмән туғызса, оларды жан-жақты талдауға тырысыңыз. Мүмкін олардың әрекеттерінде де мағына бар шығар.

3. Тарих болашақты модельдеуге көмектеседі

Адамзат тарихы – кездейсоқ оқиғалар мен өзгерістер тізбегі. Оны болашаққа бағдар ретінде пайдалану біртүрлі екені сөзсіз. Және бұл қаржыға да қатысты. Өзгеріс – экономиканың негізі. Мысалы, венчурлық капитал индустриясы 25 жыл бұрын болған жоқ. Немесе Американың ең табысты 500 компаниясының акцияларын қамтитын S&P 500-ді алайық. 1976 жылға дейін қаржы қорлары оған кірмейтін, ал бүгінгі күні олар индекстің 16% құрайды. Тағы да, бұл жерде тарихтың еш пайдасы жоқ.

Бухгалтерлік есеп, ақпаратты беру, аудит және нарық өтімділік ережелері уақыт өте келе өзгерді. Барлығы өзгерді.

Сондықтан басқалардың сәттілік тарихы тек шабыт үшін қолданылуы керек. Дәл солай істеу, сізді олар жеткен нәтижеге әкелмейді.

Алайда, мұның бәрі ақшаға қатысты өткенді елемеу керек дегенді білдірмейді. Сіз адамдардың күйзеліс пен ынталандыруға, ашкөздік пен қорқынышқа қалай жауап беретінін талдай аласыз, себебі бұл мәңгілік мәселелер.

4. Пессимизм – оптимизмнен гөрі шынайы стратегия

Егер азды-көпті беделді адам рецессия болады деп жазса, оның жазбасын бөлісетіндер көп болады. Ол үлкен рецессия болатынын айтса, оған газеттерден журналистер хабарласады. Ұлы депрессия туралы ойы оны теледидарға әкеледі. Ал «алда бізді жақсы уақыт күтіп тұр» деген болжамы ешқандай  әсер тудырмайды. Оның бір себебі бар –  алтын береміз деп уәде беретін алаяқтардың көптігі. Сондықтан оптимизм сенім тудырудан гөрі үрей тудырады.

Позитивті ойлауды таңдаудың ұтымды себептері де бар. Оптимистер бәрі жақсы болады деп сенетіндерден емес.

Олар жолда сәтсіздіктерге тап болса да, уақыт өте келе табысты нәтижеге жету мүмкіндігі жоғары екеніне сенеді. Бұл жерде ешқандай кепілдік жоқ. Тек барлығын сәл жақсырақ және өнімді жасауға болады деген жағымды ойдан өмірдің өзі керемет көріне бастайды. Ал «алда тек сәтсіздіктер күтіп тұр» деген ойдан – керісінше болатынын айтпасақ та болады.

5. Тәуекелге бармаған, шарап та ішпейді

Тәуекел маңызды, бірақ оның негізі және мағынасы болуы керек. Мысалы, орыс рулеткасын ойнағанда статистика сіз жақта болады. Бірақ сіз жеңсеңіз қуанасыз, ал жеңілсеңіз өміріңізбе қош айтысасыз. Бұл салыстыруға келмейтін жайттар. Сондықтан егер қаржылық тәуекеліңіз бәрінен айырылуға алып келетін болса, онда табысқа жету мүмкіндігі болса да, тәуекелге барудың қажеті жоқ болар. Немесе жасаған тәуекеліңізге өкінбеу керек.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

401
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *