Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы
Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы өте маңызды шаралардың бірі. Апталықтың басталу күні әр жыл сайын өзгеріп отырады. 2021 жылы бұл күн 6 қарашаға түсіп отыр.
Алғаш рет 1986 жылы Халықаралық бейбітшілік жылы аясында Халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы (International Week of Science and Peace) өтті. Апталық шараларды ұйымдастыру сол кезде үкіметтік емес деңгейде жүргізілді.
1986 жылы Ғылым апталығының сәтті тойлануын ескере отырып, ұйымдастырушылар дәстүрді жалғастыруды ұйғарды. Олардың талпыныстары текке кеткен жоқ.
1988 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы ғылым мен бейбітшіліктің халықаралық апталығын өткізу күндерін ресми түрде белгілейтін қаулы қабылдады (қаулы А/РЭС/43/61).
БҰҰ ұйымға мүше мемлекеттерді ғалымдар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға шақырды. Бұл үшін халықаралық ғылым және бейбітшілік апталығы аясында университеттер мен академияларда өткізілетін дәрістер, семинарлар, пікірталастардың барлық түрлері болуы керек.
БҰҰ сарапшыларының пікірінше, Апталықтың жыл сайын өткізілуі – бейбітшілікті орнатуға қосылған маңызды үлес. Бұл іс-шара барлығы үшін маңызды тақырыптар бойынша кеңірек ғылыми пікір алмасуға ықпал етеді, сонымен қатар ғылым мен бейбітшілік арасындағы байланыс туралы қоғамның хабардар болуын арттырады. Жыл сайын апталыққа қатысушылардың қатары кеңейеді деп күтілуде.