Шотландияға сапарым: 16-күн

Бүгін бейсенбі, көптен күткен күн, өйткені сағат бір жарымда университеттегі  Creative writing деп аталатын курсым басталады. 

Оған дейін жұмысқа баруым керек, күнделікті шаруаларды тындырып, жұмыста отырмын. Курсқа кететінімді айтып Патрисияны хабардар етіп қойдым.

Осы күн таңертеңнен бір болда болдың астына алған күн болды. Алматыдан жұмыстан хабарласып, аунау керек, мынау керек, тізім, сертификат т.с.с. мәселелермен жанымды шығара жаздады. Бірақ асықпай, аптықпай бәрін шешіп берген сияқтымын.

Бүгін сонымен бірге тағы бір жақсы хабар келді: Энтони Бучер TWIG компаниясының  әлемдегі таңдаулы инновациялық компаниялардың жиырма бестігіне кіргенін қуана хабарлады. Twig has been named as one of the World’s Top 25 Most Innovative Companies within Digital Education.

twig

 

Осы қуанышты хабарды бәрі сабырлы қабылдаған сияқты, дәл осылай болуы керектей.

Сонымен он екі жарымда курсыма кеттім. Бұл жақта жаяу жүру әдетке айналды, алдында көріп кеткен университет ғимаратын енді таба алмағаным қызық болды. Содан жолда тқрған студент қыздардан жол сұрадым, біледі екен жөн сілтеп жіберді. Бұл жақта әйтеуір бәрін тәппіштеп түсіндіріп жатады, кейбіреуі тіпті жарты жолға дейін апарып тастайды. Өткенде сондай бір жағдай болған 🙂 Біреуден жол сұрай қалсам, көрсеткенімен қоймай біраз жерге дейін ертіп апарды, сосын өз жолына бұрылып кетті.

Сонымен университеттің ғимаратын тауып, жетінші қабатқа көтерілдім.  711 аудиторияны да таптым, бірақ ешкім жоқ, содан соң курсқа қабылданғаным туралы жіберген хатқа қарасам 771 деп жазылып тұр, айналада ондай аудитория жоқ екен. Содан бірінші қабатқа қайта түсіп, кезекшілерден сұрасам, олар «Жоқ, сіз қателескен жоқсыз, курс 711 аудиторияда болады» деді. Сонымен қатадан жетінші қабатқа көтерілдім. Жедел сатылары «есік ашылады, есік жабылады, сіз мына қабатқа келдіңіз» деп хабарлап тұрады екен.

Аудиторияның қасында күтіп тұрмыз, жайлап адамдар жинала бастады. Содан ішке кірп отырайық деп ұлкен кең аудиторияға жайғастық. Басқа да адамдар келе бастады. Он екі адам жиналдық, ішінде жасы үлкен, әже деуге келетін адамдар да бар. Сонымен мұғалімді күтіп отырмыз, мұғаліміміз жоқ. Ара арасында сөйлесіп қоямыз, не болып қалды, неге кешігіп жатыр екен деп біраз жорамалдар айтты,  ешкім ашуланып жатқан жоқ, бәрі сабырмен күтіп отыр. Бір кезде қарасақ жарты сағат өтіп кетіпті, бір апайлар төменге барып біреулерге айтып келді. Мұғалім келгенше өзіміз таныса берейік деген ұсыныс тұсіп, бәрі аттарын айта бастады, бір айтқанда үш рет айтып шықтық, өйткені кешігіп келген адамдар болды, сонымен біразының аты есте қалды. Бір қызығы курсқа келген үш адам  бұрын да осындай курсқа қатысыпты, ол кезде басқа мұғалімдер өткізіпті және осы шығармашылық жазудың басқа қырларын қарастырған екен. Негізі бұл оқытушының зерттеу жұмысының бағытына көбірек байланысты екен, кешігіп келген ұстазымыз Шекспиртанушы екен.

Кешіккенінің себебін түсіндіріп, мың рет кешірім сұраған оқытушы өзін таныстырды: аты-жөні

 

Глазго, Шотландия

бейсенбі, 02.10.2014

 

395
Share

От bilimpaz

2 комментария для “Шотландияға сапарым: 16-күн”
    1. Иә, түнде отырып жазамын ғой, соны толықтырамын деп ойлап ұмытып кеткенмін ғой 🙂 Бір оқып шығып, толықтырып, суреттерін де салуым керек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *