Шотландияға сапарым: 2-күн

Бірінші күннің соңы интернетке қосылу машақаттарымен аяқталды, ноутбукке интернет қосылмады, ал айпадқа қосылды, сонымен «жарайды» осы да жетер деп ұйықтаған болатынмын. Теледидар жоқ болған соң ертерек ұйықтадым. Екінші күн ерте оянумен басталды. Түнгі үште оянып алып, ары қарай ұйықтамадым, интернет қарадым, бірнәрселерді оқыдым, сонымен таңғы жеті болды.

Шегініс: бірінші күні кешке барлық құрылғыларымның қуаты таусылып, сөнуге қалды. Мен Шотландияда тоқтың басқаша екенін ұмытып кетіппін ғой. Маған енді адаптер керек болды. Таңертең барып сатып аламын деген болатынмын.

Сонымен далаға шығып біраз серуендеп, айналадағы көшелерді аралап қайттым, содан соң дүкенге кірдім. Бұл дүкенде сатылатын барлық нәрсе бір паунд тұрады екен. Қатты үлкен болмаса да біраз зат бар екен, бір кезде адаптерді де көрдім, бірақ ол маған келмейтін адаптер болып шықты, содан көмекшіден сұрап жүріп қажеттісін тауып алдым. Сол жерден басқа да ұсақ түйек заттарды алып қонақ үйге қайттым.

Шотландияда жүрсеңіз ең бірінші қажет нәрсе:

Презентация1

 

Алдын ала картадан қарап алып Kelvingrove Park  пен Kelvingrove Art Gallery and Museum деген жерге барғым келген. Сөйтіп қаланы жаяу аралайын деп шештім, гуглкартаға сенсем қырық бес минуттық жер екен. Транспорттың бағасына, маршрутына әлі үйрене қоймаған соң, сонымен бірге аздап уақытым да болған соң жаяу жүрейін дедім. Жүріп келемін, жүріп келемін, жететін түрім жоқ, сөйтсе параллель, перпендикуляр көшелер емес, бұрылып кететін көшелер де бар екен. Сонымен саябаққа жетпейтінімді түсіндім, сқйтіп келе жатсам Thornwood park деген жерден өттім, қайтар жолда кірермін деп сабақтың қасынан өте шықтым. Кішкене жүрген кезде Sainsbury’s деген дүкендер желісін көрдім, алдымен көзімен McDonalds түсті. Дүкендерді аралап шықтым да, тамақ жеуге бардым.

sainsbury

 

Макдоналдс ұнады деп айта алмаймын, біздегі киэфсилер дәмдірек сияқты. Ол жерде уайфай тегін екен, бірақ макдоналдс жүйесіне тіркелу керек. Бүкіл ақпаратты сұрайды, тіпті телефонды да сұрайды екен, мен жергілікті телефоным болмаған соң не істеймін деп отырсам,  өз еліңнің телефонын жазсаң болады, соған хабарламамен кілтсөз жібереміз дейді. Сонымен билайнның нөмірін жазып, кілтсөз алдым.

ЕСКЕ ТҮСІП КЕТКЕНІ: Мақпал Жұмабай екеуміз Қазақстанның ашық кітапханасы туралы көп сөйлесетінбіз, сонда қолданушылардың тіркелуі қажет деген ойды екеумізде қолдайтынбыз. Негізі ашық, ақысыз мүмкіндік жасап отырсаң да қолданушылардың тіркелуін сұрау дұрыс нәрсе екен. Ойымыздың дұрыстығына Хитроу әуежайында (wifi 45 минутқа тегін, бірақ тіркелуің міндетті) және Глазгодағы Макдоналдста болғанда тағы көзім жетті.

Келген жолыммен кейін қайтайын деп ойладым, жолда саябаққа соқтым.

IMG_1610 IMG_1612 IMG_1613 IMG_1614 IMG_1615

 

Қайтар жолда адамдардан жол сұрап келе жатқанмын ғой, сөйтсем қарама-қарсы бағытқа кетіп қалыппын. Содан аздап кері жүріп, тағы бір қыздан сұрасам, мен сол жаққа барамын, автобусқа отырып барайық, көрсетіп жіберемін деді. Автобусқа отыру бағасы £1,20 екен, жарайды деп отырып алдық. Бір кезде аялдамадан өтіп кеткенімізді түсіндік, бірақ тұратын жеріміздің айналасына жетіппіз. Сонымен рақметімді айтып қонақ үйге де кірдім.

Қорытынды: кешке түсіндім, мен алыс, айналмалы жолмен жүріппін, негізі өзім тұрған көшеден оңға қарай жүрсем жоспарлаған жерімді табады екенмін (бірақ оны үшінші күні саябақ пен музейге жеткенде ғана түсіндім ғой :))

КЕҢЕСТЕР

  1. Бұрын басқа елдерге барып жүргенде, бірден сол елдің картасын алып алатынмын, бұл жолы айпадқа және гуглкартаға сеніп соны істемеппін. Осы әрекетім қате болған сияқты.
  2. Көшеде адамдарды тоқтатып жол сұраудан ұялмаңыз, мүмкіндігінше бәрі көмектеседі.
  3. Баратын еліңіздің жол тәртібін оқып алыңыз, бағдаршамдардың қалай жұмыс істейтінін де зерттеп алыңыз 🙂
  4. Телефоныңыз немесе айпадыңыз ылғи интернетке қосылып тұрса, сол жақсы екен.

Глазго, Шотландия

бейсенбі, 18.09.2014

521
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Шотландияға сапарым: 2-күн”
  1. автобусқа проездной алсаң тиымды болады. тек сенбі-жексенбі проезднойлары да болады — демалыс күндері айналаны зерттеу үшін жақсы )

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *