Шотландияға сапарым: 24-күн

Бүгін жұма, таңертең күнделікті уақытта оянсам да, жұмысқа барғым келмеді, бірақ олай болмайды ғой. Сондықтан киініп, жұмысқа кеттім. Жаңбыр жауып тұр, қатты емес, салқын да емес, жұмысқа жаяу жеткенше ыстықтап кетемін. Кейбіреулер жазғы аяқ киіммен, туфлимен, жай табан аяқкиіммен, күртесіз жүр.  Ал Алматыда қар жауыпты. Иә, бұл жақтың ауа райы сондай жағымды, мына түрімен қар жаумайтын болар, тіпті жақсы.

Бүгін жаңа алған фотоаппаратымды сынап көруім керек.  Түсте күн шығып, жадырағанымен жұмыстан шығар кезде ауа райы тағы бұзылды. Сонда да саябақты суретке түсіріп көрдім. Суреттер керемет емес. Кешке бұлтты күні түсірілді деп ақталып жатыр деп ойлап қалмаңыздар 🙂

IMG_0037 IMG_0041 IMG_0042 IMG_0043 IMG_0045 IMG_0048 IMG_0050

 

Глазго, Шотландия

жұма, 10.10.2014

538
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Шотландияға сапарым: 24-күн”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *