Шотландияға сапарым: 26-күн Glasgow Street Art
Бүгін жексенбі, демалыс, ерте тұрудың, ешқайда асығудың қажеті жоқ. Дегенмен күнделікті уақытымда тұрып, анау-мынау жұмыстарымды жасағанша түс уақыты болыпты.
Бүгінгі күн жаңа көшелермен танысу күні. Патрик кітапханасы және Моррисон жаққа барамын. Бұл жолы адаспаймын, оған сенімдімін.
Сонымен жаяу жүріп келемін, Патрик кітапханасына да жеттім, жолда қызық деген жерлерді суретке түсіріп келемін.
Маған осы жақтағы кішкентай автомобильдер ұнайды. Сондай сүйкімді десе де болатын болар 🙂
Ал мына сурет арнайы Эльвира үшін, маған қанша рет осы жерге бар деп айтқан, жолым бүгін ғана түсті ғой 🙂
Дайын, жартылай дайын тамақтың түр-түрі бар, арзан, қымбат, бағасы түсірілген т.с.с. қажет нәрсенің бәрі бар. Көптігі сонша не таңдарымды білмеймін ғой. Басында бәрінің дәмін татып көрейін деп ойладым, кейін бұл ойымнан айныдым 🙂 Жеміс-жидек, көкөніс, сүт тағамдары, яғни денсаулыққа пайдалысын ғана және бұрыннан жеп үйренген таңамдарымды алатын болдым. Мынау сөрелердің көрінісі, негізі суретке түсіруге болады, бақылап тұрған ешкім жоқ, біздегідей әрі-бері сабылып жүрген сатушы-кеңесшілерді де көрмейсің. Неге екенін білмеймін көп сурет түсіруге ыңғайсыздандым. Кейін барып жатсам, дүкеннің басқа да бөліктерін суретке түсірермін. Негізі бұл жақта ұннан жасалған тағамның түрі өте көп. Соны суреттер арқылы көрсеткім келген. Оны келесі жолға қалдырайын.
Одан әрі қарай жүріп келемін, маған Глазгодағы көшелерде үйдің қабырғаларында салынған суреттер ұнайды. Үлкен, әдемі, ерекше, жарасымды, ұқыптылықпен салынған қайталанбас дүниелер.
Глазго, Шотландия
жексенбі, 12.10.2014
morrisonska barganin duriss. .. endi Lidlga baru kaldi )) basketballdi netball deydi eken a.. bilmeppin )