Шотландияға сапарым: 30-күн Creative writing

Бүгін бейсенбі, ерте тұрдым, әлі қараңғы, тым ерте тұрдым ба десем, айпадтағы сағатым жетіні көрсетіп тұр. Дала қап-қараңғы, күн бұлтты болып жаңбыр жауып тұрған болар деп топшыладым. Басқа жағынан, мүмкін, сағатым дұрыс емес пе деп тағы уайымдадым, мұндай қараңғы болуы мүмкін емес қой.

Сағатсыз жүремін, телефондағы сағатқа сондай сеніп алғанмын, Бірақ телефонымды Заринаның үйінде ұмытып кетіп, алып кетуге уақытым болмады, екі күн телефонсыз жүрмін, яғни сағатсыз жүрмін.

Бір қызығы Глазгода тоқтап қалған сағаттарды көп көремін, басында олар мені шатастыратын. Сағаттар неге тоқтап тұр, адамдар шын мәнінде бақытты ма, сағатқа мән бермей, уақыттан тыс өмір сүріп жатыр ма?

Бүгін сіздерге Creative writing курсының ұстазы туралы айтып берейін. Ол кісінің есімі Cathy McSporran. Білмей жүр екенмін шығармалары  жүлде алған жазушы екен. Онымен қоса университетте сабақ береді.

 

Creative writing teacher Cathy    Cold_City_Cover_Visual_Option_1web.270

Cathy McSporran’s fiction has appeared in a wide range of magazines and anthologies such as Mslexia, Chapman, Nerve, Eclogia and From Glasgow to Saturn. She has been shortlisted for the Macallan/Scotland on Sunday prize, and was awarded the Constable Award by the Scottish Association of Writers. She has a PhD from Glasgow University’s School of Creative Writing, and teaches classes in creative writing, poetry and Dante’s Inferno in Glasgow’s Open Studies department.

Ұстазымыздың жазған әңгімесін оқимын десеңіздер, қош келдіңіздер:

Глазго, Шотландия

бейсенбі, 16.10.2014

551
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *