Шотландияға сапарым: 33-күн La Cenerentola

Біраз бұрын Синдереланың Сенерентола екенін біліп бір таң қалғанмын, операға барып екінші рет таңқалып отырмын. Керемет опера. Мен операны онша түсінбейтін болармын деп операға көп бармаушы едім, сөйтсем жақсы опера көрмей жүр екенмін ғой 🙂 

Бүгін, жексенбі күні театрға жол тарттым, алдын ала жоспарласам да интернет арқылы билет алмай, театрдан да алармын деп ертерек шығып барғанмын.

Сонымен Theatre Royal Glasgow театрында  Scottish Opera’s «La Cenerentola» болайын деп жатыр. Мынау сатып алған билетім, билет негізі қымбат екен, ең қымбат билет £ 77 (303 көбейтсеңіздер теңгемен қанша тұратынын білуге болады) тұрады. Суреттен қаншаға сатып алғанымды көрулеріңізге болады.

Cenerentola билет

 

Мына керемет операны тарихы 1867 жылдан басталатын Үміт (Hope) деген көшеде орналасқан Royal Theatre Glasgow театрында көруге бұйыртқанына ризамын. Сенерентолла, яғни Синдералла операсы (La Cenerentola) көпке дейін есте қалатын болды. Бұл мен күткендей дәстүрлі Синдерелла оқиғасы болмады, ерекше әдемі сахнада дауыс пен оркестрдің үйлесімділігі, орынды қалжың мен кейіпкерлердің күтпеген әрекеттері көрерменді баурап алғаны сөзсіз. Глазгода оқып жатқан студенттерге баруға кеңес беремін. Операны жақсы көрмеуіңіз, түсінбеуіңіз мүмкін. Бірақ бір рет болса да барып көріңіз, кейін екінші, үшінші, оныншы деп жалғасын табатынына сенемін.

Ал мына суреттен басты рөлде ойнаған шеберлермен танысуларыңызға болады. Күндердің бір күні сіздер де операға барып, осы әртістерді көріп қаларсыздар. Cenerentola —  mezzo-soprano Victoria Yarovaya ( 2013 Mercedes Viñas Prize),  Prince Ramiro —   Nico Darmanin , baritone Richard Burkhard (The Magic Flute 2012), soprano Rebecca Bottone (The Pirates of Penzance 2013)

opera

 

Глазго, Шотландия

жексенбі, 19.10.2014

553
Share

От bilimpaz

3 комментария для “Шотландияға сапарым: 33-күн La Cenerentola”
  1. GBP — 296 ғой )) негізі онлайн алсан арзанырақ болатын еді — көп жерде солай еді. біз бір ретте оркестрлік концертке 4 паундқа ма су арзанға билет алғанымыз есімде, әрине студенттік жеңілдігі де бар болатын )

  2. Енді опера өте қымбат тұрады ғой. Билетті он бір паундқа да алуға болатын, бірақ ол жерден ешнәрсе көре алмайсың дегендіктен, осы бағаға алдым. Балкон болса да жақсы орын болды, көруге де тыңдауға да ыңғайлы 🙂 Кейін басқа қойылымдары арзандау болса, алдыңғы қатарларға алып көремін. Ол жақта отыру қалай екенін көргім келеді 🙂

    1. Сіз үшін қатты қуаныштымын. Барлығымызға да сол жерде опера көруді жазсын Аллам. Жолың болсын, аман сау ауылға оралуыңа тілектеспін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *