Шотландияға сапарым: EduWiki 2014 Edinburgh
Бүгін таңертең ерте тұрып, өте ерете тұрып, Единбургке жол тарттым. Алдында айтқанымдай жұма күні, яғни бүгін, қазан айының соңғы күні конференция болады. Бұл конференция уикипедиямен байланысты, уикипедияны білім саласында қолданатындарға арналған, биыл үшінші рет өткізіліп жатыр.
Сонымен алты жарымдағы автобусқа отыру үшін үйден нешеде шыққанымды есептей беріңіздер 🙂 Әрине жаяу бардым, дегенмен кешікпей жеттім. Билетті алдын ала алмаған болатынмын, бұл жақта қызық, онлайн сатып алсаң арзанырақ, бірақ жүретін кезде жүргізушіден де сатып алуға болады, онлайн бес паунд тұрған билет, автобуста жеті жарым паунд тұрады. Есептей беріңіз барып қайтқанда қанша артық ақша төлегенімді 🙂 Жарайды дедім, өйткені бәрін қате жіберу арқылы үйреніп жатырмын.
Сонымен Единбургке келдім, жолды көтере алмайтын болыппын, бұл жолы да әзер жеттім. Өзіме келіп, киім ауыстырғанша жиырма минуттай өтіпті. Университтетің ғимаратын қайдан іздеп жатамын деп басымды қатырғым келмей, таксимен сөйлестім. Біраз түсіндіргеннен кейін, қайда баратынын белгілеп алып, кеттік деді. Бұл жақтың таксиі де қызық, жүрмей жатып екі де он паундтты есептеп қояды, сонымен университеттке жеткенше жеті паунд болып шыға келді. Әйтеуір, таныс ғимаратты көрген соң (алдында конференция туралы оқығанда суреті болған еді) рақметімді айтып, түсіп қалдым.
Кіре берісте адамдар жиналып жатыр екен, конференцияға бәрі дайын, тіркеліп бейджигімді, қағаздарымды алдым. Бірінші сессия болатын бөлмені де қарап шықтым. Единбург университетінің ғимараты өте әдемі, мұндай жерде отыру да бір арман болар.
Суреттердің бәрін туиттерге салып отырдым, кейін сол жердегі бірнеше адамды, ішінде мен де бар екенмін, бір сайтта атап өтіпті 🙂
Ал мынау конференция барысында туиттерге жарияланған суреттер:
Глазго — Единбург, Шотландия
жұма, 31.10.2014
Керемет! Сәттілік тілейміз! Барлық жақсы нәрсені үйреніп, елге аман оралыңыз!