«Қалалық ортадағы қазақ тілі» атты дөңгелек үстел
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, «Мэлс Ержанов» жеке қоры және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Сізді 2015 жылдың 18 наурызы күні сағат 10:00 Алматы қаласында өтетін «Қалалық ортадағы қазақ тілі» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: Алматы қаласының визуалды ақпараттарындағы мемлекеттік тілдің сапасына қалың жұртшылық назарын
аудару (kieli7su.kz сайты жұмысының нәтижелері бойынша); мемлекеттік
тілдің электрондық БАҚ-тағы қолданыс сапасын креолдану үрдісі
тұрғысынан талқылау; отандық тілтанушылардың осы мәселені шешуге негіз
болатын өзекті ғылыми ізденістерімен таныстыру.
Дөңгелек үстелдің жұмысына тілтанушылар, жазушылар, журналистер,
мемлекеттік органдар, бизнес, жарнама агенттік өкілдері қатысады.
Дөңгелек үстелдің өтетін орны: Алматы қаласы, ҚР Ұлттық
кітапханасының мәжіліс залы, Абай даңғылы, 14.
Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері − қазақ тілі және орыс тілі.
Дөңгелек үстел материалдары cultural.kz u kieli7su.kz сайтында
жарияланады.
Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысу үшін Сізден 15 наурыз күніне
дейін тіркелуді өтінеміз.
Өтінішті kieli7su@gmail.com электрондық поштасына жіберіңіз.
Тіркелу өтінімі:
1. Аты-жөні, қаласы.
2. Қатысушы туралы мәлімет: ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны,
лауазымы.
Құрметпен ұйымдастырушы комитет.