Қытырлақ тәтті арман

Авторы: Соломия Волошина

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Ақмұрзаева Дана

Қытырлақ тәтті арман

Ерте ерте ертеде, Крокос есімді бұғы өмір сүріпті. Ол мың килограм сәбізім болса ғой деп армандаған. Оның осы арманы қалай пайда болғанын қазір баяндап берейін. 

Крокос далада есінеп тұрған кезде Клаус ханым сәбіз бәлішін пісіруге бара жатқан еді, бір кезде ол есімі Энни деген эльфпен соқтығысып қалып қолындағы бәлішке арналған сәбізі ұшып кетіп, есінеп тұрған Крокостың аузына сап етіп түседі. Крокос сәбіздің тәтті әрі қытырлақ екенін сезіп:

— О, бұл неткен ғажап дәм! Осындай тәтті сәбізді қалай өсірсем екен? — деп ойланып қалады.

Осылайша, оның арманы пайда болады.

Ал енді Крокос бейшараны достары мазақ етіп отыр. Ол сәбіз қант таяқшаларынан да дәмдірек деген еді, ал олар оған күліп жатыр.

Крокос есінейін деп көшеге шықты, кенет ол тұяғының астында бірдеңе сықырлағанын естиді. Ол бірдеңе – сәбіздің қалдығы еді. Сөйтіп Крокос оны қарға отырғызайын деп ұйғарды. Келесі күні Крокос отырғызған сәбізін тексеруге барады. Қараса, ол жерден тұтас бір сәбіз өсіп тұр! Әрине, түсінген боларсыздар, Клаус ханымның үйінің жанында жай қар жатпайды, сондықтан сәбіз де тез өсіп кеткен. Крокос оны жеп көрді, бірақ ол дәмсіз және тұщы болып шықты. Сол кезде бұғылардың бәрі қайта күліп, Крокосты қант таяқшаларын көрсетіп мазақтай бастады. Осы кезде Крокостың басына тамаша ой келді! Ол сәбізді қант таяқшаларының үстінде өсірмек болды. Бірақ бұл ойын жүзеге асыру  үшін Крокосқа үш күн аш жүруге тура келді, өйткені Санта бұғыларды қант таяқшаларымен қоректендіретін. Соңында Крокос өзіне жеткілікті қант таяқшаларын жинап, сәбіз отырғызуға дайын болды.

Бір аптадан кейін сәбіз өсіп шықты, ол тәтті әрі қытырлақ болғанымен, тым кішкентай еді әрі өте баяу өсті. Сонда Крокос екі түрлі сәбізді будандастыру керек екенін түсінді, сөйтсе ғана ол мінсіз өнім ала алады. Осылайша, Крокос мінсіз сәбіз өсірудің жолын тапты: алдымен оны қарға отырғызды, ал біраз уақыттан кейін әлі толық піспеген сәбізді қант таяқшаларына көшірді. Сәбіз барған сайын үлкейе берді. Крокос достарына оның дәмін татып көруді ұсынды және бәрі бірауыздан бұл сәбіз бұрын-соңды жегендерінің ішіндегі ең дәмдісі екенін мойындады.

Авторы: Соломия Волошина «Сладкая хрустящая мечта»

Әңгіменің түпнұсқасы: https://daktilmag.kz/63/children/solomiya-voloshina/sladkaya-hrustyashchaya-mechta/1231

Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Ақмұрзаева Дана, SDU университетінің педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің 3-курс студенті

20
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *