Әркім білуі керек 15 психологиялық айлаәсіл

Күйзеліс жағдайында да, күнделікті өмірде де көмектесетін пайдалы және қызықты психологиялық лайфхактарды барлығыңыз білуіңіз керек:

1. Бір топ адам күліп отырғанда, әркім инстинктивті түрде өзіне бәрінен гөрі ұнайтын (немесе жақын адамы ретінде көргісі келетін) адамға қарайды.

2. Егер сіз ерекше жауапкершілікті қажет ететін немесе ойыңызды шоғырлануды қажет ететін іспен айналысуыңыз керек болса, бір сөзбен айтқанда, жүйкеңіз сыр берсе –  сағыз шайнаңыз немесе тіпті бірдеңе жеуге тырысыңыз. Бұл бейсаналық деңгейде қауіпсіздік сезімімен байланысты, өйткені біз, әдетте, ештеңе қауіп төндірмеген кезде ғана тамақтанамыз.

3. Егер біреу сізге ашуланса, бірақ сіз әлі де сабыр сақтап тұрсаңыз, онда ашуланған адамның ашуы одан сайын күшейе түседі. Алайда, кейінірек бұл адам өз мінез-құлқына ұялатын болады.

4. Егер адам қойылған сұраққа ішінара немесе тым жалтарып жауап берсе, қайта сұрамаңыз. Оның орнына ешнәрсе айтпай, көзіне қараған дұрыс. Ол өз жауабының әңгімелесушіні қанағаттандырмағанын түсініп, әрі қарай сөйлей береді.

5. Ыи-ишара сезімдердің салдары ғана емес, сонымен қатар осы сезімдерді тудыруы мүмкін. Кері байланыс мінсіз жұмыс істейді, сондықтан бақытты сезінгісі келетіндер мүмкіндігінше жиі күлімсіреп жүруі керек.

6. Сөйлеуде немесе хат жазғанда «осылай деп ойлаймын» немесе «маған солай көрінеді»  деген сияқты тіркестерді қолданбаңыз. Оларды айтпай-ақ солай екені белгілі, бірақ олар сөздеріңізге сенімсіздік реңін береді.

7. Маңызды сұхбат алдында сұхбат алушыны танымасаңыз да, ол сіздің ұзақ уақыт бойғы жақын досыңыз сияқты көз алдыңызға елестетіңіз. Жағдайды қалай қабылдау әрқашан   өзімізге байланысты және біздегі сабырлық пен жеңілдік сезім әңгімелесушіге де беріледі.

8. Егер сіз біреумен кездескенде  шын жүректен қуанатын болсаңыз, келесі кездескенде бұл адамның өзі де сізді көргеніне қуанышты болады.

9. Сіздің үлкен өтінішіңізді орындаудан бас тартқан адам, өзіне қажет кезде өзінің болмашы өтінішінің орындалуына да келіседі.

10. Әңгімелесушінің аяғының орналасуына назар аударыңыз, бұдан да пайдалы ақпарат алуға болады. Егер, айталық, оның аяқ киімдерінің ұшы бізге қарама-қарсы  жаққа қарап тұрса, бұл әдетте адамның сөйлесуді тезірек аяқтағысы келетінін білдіреді.

11. Жиналысқа қатысып отырсыз, бұл жиналыста біреуден өткір және жағымсыз сын алған кездеріңіз болған болар. Осындай эағдай блуы мүмкін екенін алдын ала сезсеңіз, сын айтатын адамның жанына отыруға тырысыңыз. Тәжірибе көрсеткендей, қасында отырсаңыз, ол өзінің барлық жігері мен шабуылға деген ниетін жоғалтады, немесе, кем дегенде, әлдеқайда жұмсақ болады.

12. Көптеген адамдар ұлылықты адамның өзіне деген сенімділігінен ажырата алмайды. Егер сіз бар келбетіңізбен өзіңізге сенімді екеніңізді көрсете алсаңыз, адамдар да сізге тартылады.

13. Қызмет көрсету саласында істейтіндерге  жақсы кеңес: артыңызға айна іліп қойыңыз. Адамдар өздерін әлдеқайда сыпайы ұстай бастайды, өйткені өзінің ашулы және ызалы жүзін ешкім көргісі келмейді.

14. Танысқан кезде адамның көзінің түсін байқап, есте сақтау –  өте пайдалы әдет. Көзге сәл ұзағырақ қарағандықтан, екінші адам, бейсаналы түрде, сізге де жылылықпен қарай бастайды.

15. Сүйіктіңізбен алғашқы кездесуге бара жатқанда, мүмкіндігінше ерекше,  қызықты жерге апарған дұрыс. Кейін бұл кездесуден қалған жағымды эмоциялар сізбен байланысты болады.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

648
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *