Өмірдің 20 күтпеген парадоксы

Өмірдің 20 күтпеген парадоксы байқасмасақ та алдымыздан шығатыны белгілі.

Біз көбінесе мақсатқа жету үшін жұмсалатын күш-жігерді бағаламай, тек белгілі жағдайларға негізделген жоспарлар жасаймыз. Дегенмен, өмір парадокстарға (қарама-қайшылықтарға) толы: біреуге қажырлы еңбекпен келген нәрсе бізге өте оңай болып көрінеді, ал ақша табу үшін сіз бір нәрсеге — оқуға немесе пайдалы активке инвестициялауыңыз керек.

Жазушы және инвестор Сахил Блум Twitter желісінде ең танымал парадокстарды талдаған. Оның аудармасын жариялап отырмыз.

Сендіру парадоксы

Ең белсенді пікірсайысшылар біреуді сирек сендіретінін байқадыңыз ба? Ең сенімді адамдар дауласпайды — олар бақылайды, тыңдайды және сұрақтар қояды.

Азырақ дауласып, көбірек сендіруге тырысыңыз. Сендіру (көзін жеткізу) – тура, бетке айтуды қаламайтын нәзік өнер.

Тырысу  парадоксы

Бір нәрсені оңай етіп көрсету үшін көп тырысу керек.

Жеңіл, талғампаз қойылымдар – көбінесе ұзақ және қажырлы жаттығулардың нәтижесі. Қарапайымдылық алдамшы.

Даналық парадоксы

«Мен неғұрлым көп білсем, соғұрлым көп нәрсені білмейтінімді түсінемін» — Альберт Эйнштейн.

Неғұрлым көп білсек, соғұрлым белгісіз заттарға ашық боламыз.

Бұл адамды қорқытудың орнына, шабыттандыруы керек. Өз надандығыңызды қабылдаңыз. Және өмір бойы оқуды ережеге айналдырыңыз.

Өсу парадоксы

Өсу біз ойлағаннан әлдеқайда көп уақытты алады. Өсу бірте-бірте, содан кейін кенеттен  жүзеге асады. Осыны түсінгеннен кейін біз басқаша әрекет ете бастаймыз.

Өнімділік парадоксы

Біз неғұрлым ұзақ жұмыс жасасақ, соғұрлым аз нәтиже жасаймыз.

Паркинсон заңы жұмысты аяқтауға берілген қол жетімді уақытты толтыру мақсатымен еңбек өрісі кеңейетінін айтады. Белгіленген жұмыс уақытын шектей отырып, біз осы уақытты толтырудың, өткізудің нәтижесіз жолдарын табамыз.

Жылдамдық парадоксы

Кейде жылдамдықты арттыру үшін баяулау керек. Бұл сіздің әрекеттеріңіз туралы ойлануға, назарыңызды шоғырландыруға, күш-қуат жинауға және ресурстарыңызды тиімдірек пайдалануға уақыт береді. Бұл бір нәрсені жасауға тырысуға кеткен күш-жігерге емес, қарыз жүктемесіне және инвестицияларыңыздың тиімділігіне назар аударуға мүмкіндік береді.

Жылдам жүру үшін баяу қозғалыңыз.

Ақша парадоксы

Ақша табу үшін оларды жұмсау керек.

Әрбір табысты инвестор мен ғимарат салушылардың үлкен сәтсіздіктен алған баға жетпес сабақтары бар. Кейде бір нәрсені үйрену үшін оған бегілі бір бағаны төлеуге тура келеді. Қаржы құртуға дайын болыңыз.

Жаңалық парадоксы

Біз неғұрлым көп жаңалық тұтынатын болсақ, соғұрлым аз хабардар боламыз. Нассим Талеб бұл мәселені былай түсіндіреді: ақпарат ағынына неғұрлым терең енген сайын, соғұрлым көп маңызды емес шуды қабылдайсыз. Осылайша, біз шынында не болып жатқанынан аз хабардар боламыз.

Әлем туралы көбірек білгіңіз келе ме? Кіріп жатқан ақпарат ағынын шектеңіз.

Икар парадоксы

Икар қанат жасап, бірақ күнге тым жақын ұшып барған соң, олар еріп кетіп, биіктен құлап, өз өлімін жақындатады.

Сізді табысты ететін нәрсе сіздің құлауыңызға әкелуі мүмкін.

Кейде өркөкіректік қоршаған жағдайларды айқын көрсетпейді.

Сақ болыңыз!

Сәтсіздік парадоксы

Табысқа жету үшін жиі сәтсіздікке ұшырау керек. Біздің ұлы жетістіктеріміз көбінесе ұлы сәтсіздіктерімізге тікелей байланысты.

Қателіктерден қорықпаңыз: оларды қабылдауға және олардан қорытынды жасауға үйреніңіз.

Тони Роббинс парадоксы

Инвестициялау кезінде сізде бәсекеде артықшылығыңыз жоқ екенін мойындауға дайын болу негізгі артықшылығыңыз болуы мүмкін.

Рефлексия сапалы шешім қабылдауға көмектеседі, ал өзіне деген шектен тыс сенімділік тек зиян келтіреді. Өзіңіз туралы ойланыңыз және соған сәйкес әрекет етіңіз.

Қысқарту парадоксы

Өсу ешқашан біркелкі болмайды. Кейде даму үрдісі бір нәрседен бас тартуды талап етеді.  Жүктен арылу кері қадам жасау болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл ұзақ мерзімді келешекті болжауда өте қажет.

Бір қадам артқа, екі қадам алға — тұрақты және ұзақ мерзімді табысқа жетудің рецепті.

Бас тарту парадоксы

Өзіңізге міндеттемелерді аз алыңыз да, көп нәрселерге қол жеткізіңіз. Табысқа жетудің кілті – зейін қою: маңызы бар нәрселерге келісім беріп, маңызды емес заттардан бас тарту.

Өз уақытыңызды сақтау — құнды сыйлық.

Сөйлеу парадоксы

«Бізде екі құлақ және бір ауыз бар, сондықтан біз сөйлегеннен гөрі екі есе көп тыңдай аламыз», — деген Эпиктет.

Егер сіздің сөздеріңіз бен ойларыңызды жұрт естісін десеңіз, аз сөйлеп, көп тыңдаудан бастаңыз. Сіздің сөздеріңіздің салмағы арта түседі. Сізді көбірек естісін десеңіз, азырақ сөйлеңіз.

Қарым-қатынас парадоксы

Біз қаншалықты көп байланыста болсақ, соғұрлым басымыз бірікпейді. Смартфондар мен әлеуметтік желілердің арқасында біз үнемі хабарландырулар мен дофаминнің жаңа мөлшерін алып отырамыз. Бірақ ол бізді бір-бірімізден алшақтатады.

Телефонды қойыңыз. Біреудің көзіне тура қараңыз. Әңгіме бастаңыз. Таза ауамен тыныстаңыз.

Хирург Талебтің парадоксы

Сыртқы келбет — кейде құзыреттіліктің ең нашар көрсеткіші. Бет-әлпеті ерекше жандарға белгілі бір мәртебеге жету үшін басқаларға қарағанда көп нәрсені жеңуі керек.

Таңдаған кезде, түрі сәйкес келмейтіндей әсер қалдыратын адамға назар аударыңыз.

Көзқарас парадоксы

Кейде іздеген нәрсені табу үшін ізденісті тоқтатуға тура келеді. Сонда іздегеніңіз өзі алдыңыздан шығып, сізді тауып алады.

Бұл өмірге де, бизнеске де және инвестицияларға да қатысты.

Тұрақты өзгерістер парадоксы

«Өзгеріп жаңаруды доғарған кезде, сіз де бітесіз» — Бенджамин Франклин.

Өмірдегі жалғыз тұрақты нәрсе — бұл өзгеріс. Бұл – әрқашан сенімді болуға тұратын жалғыз нәрсе.

Осы жағдайды қабылдап, ширақ және икемді болыңыз.

Бақылау парадоксы

Бір нәрсені қаншалықты көп бақылауда ұстасаңыз, соғұрлым сізде бақылау аз болады.

Бұл жағдай жеке қарым-қатынаста да, еңбек  қарым-қатынасында да жұмыс істейді. Адамдар тәуелсіз болып жаратылған — бұған қарсы тұрудың кез келген әрекеті қарсылыққа ұшырайды.

Қорқыныш парадоксы

Біз жүзеге асыру керек нәрсе – көбінесе біздің ең көп қорқатын нәрсеміз. Қорқыныш біздің өсу қарқынымызды да, өмірімізді де шектейді.

Өз қорқыныштарыңызға жақын болуды әдетке айналдырыңыз. Содан кейін жаңа мүмкіндіктерді табу үшін серпіліс жасаңыз.

Дайындаған Бақытжан Салихов

594
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *