Өмір заңы

Өмір заңы әлемнің бір бөлігі және мемлекетте қабылдаған заңмен бірге, ғылым да өз  физикалық, математикалық т.с.с. заңдылықтарын береді, оған қоса өмір де өз заңдарын ұсынатыны сөзсіз.

Өмір заңы парадокс немесе ереже түрінде де кездеседі. Біз әлемдегі ең танымал өмір заңдары мен ережелеріне қысқаша шолу жасағымыз келеді. Болашақта бұл тізімнің әр бабына толығырақ түсініктеме беріп, жеке-жеке мақала жазуға тырысамыз.

1. Хлейд заңы

Ең қиын тапсырманы ең жалқау қызметкерге беру керек. Ол міндетті түрде осы мәселені шешудің ең оңай әрі сапалы жолын табады. Өйткені жалқау адам өмірін қиындатқысы келмейді де, кейінірек оны қайта жасаудың қажеті болмас үшін жұмысты бірден жақсы орындайды.

2. Мерфи заңы

Егер бірдеңе дұрыс емес болуы мүмкін болса, ол міндетті түрде дұрыс емес болады. Оған қоса барлық мүмкін болатын нашар жағдайлардың ең жаманы жүзеге асады.

3. Ричардтың өзара тәуелділік ережесі

Барынша ұзақ уақыт сақтап жүрген затты қажет емес деп, лақтырып тастауға болады. Сіз сол затты  лақтырып тастаған кезде, ол зат сізге дәл сол сәтте керек болып шығады.

4. Лерман заңы

Ақша мен уақытыңыз болса кез келген техникалық мәселені шешуге болады. Бірақ мәселе мынада: сізге әрқашан уақыт жетпейді немесе ақшаңыз таусылады.

5. Эттордың бақылауы

Дүкенде зат сатып алып тұрғанда екі кезек болса, көрші кезек әрқашан жылдамырақ қозғалады. Егер сіз екінші кезекке ауысып тұрсаңыз, сіз қалдырған кезек тезірек қозғала бастайды.

6. Мексимен заңы

Жұмысты дұрыс орындау үшін әрқашан уақыт жеткіліксіз, бірақ оны қайта жасауға уақыт табылады.

7. Іздеу заңы

Сізге қажет нәрсе жақсы көрінетін жерде немесе сіз күтпеген жерде жатыр. Сондықтан уақытыңызды босқа өткізбей, іздеуді ешкім қарамайтын жерден бастаңыз.

8. Петр принципі

Адам өзінің біліктілігі жетпейтін деңгейіне дейін құзыретті. Неғұрлым көп білсеңіз және біліктілігіңіз жоғары болса, сізге әрі қарай үйрену және даму соғұрлым қиын болады. Мансап баспалдағымен көтеріле отырып, сіз көп ұзамай өзіңіз үшін тым жоғары жұмыс күрделілігінің деңгейіне жетесіз.

9. Кан мен Орбен аксиомасы

Егер ештеңе көмектеспесе, онда ақыр соңында нұсқауларды оқып шығыңыз!

10. Хэнлон ұстарасы

Көбінесе сіз әдейі зиянкестікпен жасалған деп санайтын кез келген нәрсе негізінде ақымақтық салдарынан жасалған. Сондықтан адамдарды жаман ниеттері үшін бекер айыптауға болмайды, өйткені олардың ниеттері ондай емес.

11. По заңы

Өткір тақырыптар туралы әзілдескенде мұның әзіл екенін міндетті түрде атап өту керек, әйтпесе мұны шындық деп түсінетін бір адам болса да, әйтеуір, табылады.

12. Фингейлдың төртінші заңы

Егер бірдеңе дұрыс болмаса, жағдайды жақсартудың кез келген әрекеті оны тек нашарлатады. Сондықтан кейде оны сол күйінде қалдырған дұрыс.

13. Зимергидің ерікті еңбек заңы

Адамдар қажет болмаған кезде жұмысқа әрқашан дайын болып тұрады.

14. Гамперсон заңы

Сіздің қалауыңыз қалаған нәтижеге қол жеткізу ықтималдығына кері пропорционал. Яғни, егер сіз асығыс болсаңыз, айналаңыздағы барлық нәрсе сіздің асығуыңызға ерекше кедергі жасайды: шалбарыңыздың түймесі үзіліп  қалады, кілт құлыпқа кірмейді, автобус аялдамада ұзақ тұрады және әрбір бағдаршамға тоқтайды және т.б.

15. Таңдамалы тартылыс заңы

Егер бірдеңе құлап қалса, ол затқа барынша көп зиян келуі мүмкін. Өйткені бутерброд әрқашан май жағылған жағымен төмен құлайды.

16. Парето заңы

Жіберілген күштің 20% нәтиженің 80% береді және керісінше. Өмір заңдары тек осы арақатынаста ғана жұмыс істейді.

17.Чизхолмның үшінші заңы

Сіздің кез келген ұсынысыңызды адамдар өзіңіз ойлағаныңыздан басқаша түсінеді. Мұның бәрі адамдар әртүрлі болғандықтан және, тиісінше, бәрі әртүрлі ойлайтындықтан болады.

18. Оулд пен Кан заңы

Жиналысқа неғұрлым көп адам қатысса және оған көбірек уақыт жұмсасаңыз, оның тиімділігі соғұрлым азаяды.

19. Паркинсон заңы

Жұмыс сіз белгілеген мерзімде орындалады. Тапсырманы 1 күнде орындай алатын болсаңыз да, оған аптаның соңына дейін уақыт берілсе, жұмыс жоспарланған мерзім аяқталғаннан бұрын орындалмайды.

20. Янг заңы

Барлық ұлы жаңалықтар қателіктен туады.

21. Фингейлдің сегізінші ережесі

Топтық жұмыс өте маңызды. Бұл басқа біреуді кінәлауға мүмкіндік береді.

22. Мерфидің ғылыми зерттеу заңы

Сіз өзіңіздің теорияңызды қорғау үшін әрқашан жеткілікті көлемде зерттеу жүргізе аласыз.

23. Сегал заңы

Бір сағаты бар адам сағаттың неше екенін анық біледі. Бірнеше сағаты бар адам ештеңеге де сенімді емес.

24. Шұжық принципі

Шұжықты жақсы көретіндер де, заңды құрметтейтіндер де осы екеуінің қалай жасалғанын көрмеуі керек.

25. Харриссон постулаты

Әрбір әрекет үшін оған тең келетін қарсы сын бар.

26. Дрюдің кәсіптік тәжірибе заңы

Ең аз төлейтін адам, көп шағымданады.

27. Ван Рой заңы

Сынбайтын ойыншық онымен басқа ойыншықтарды сындыруға болатынымен пайдалы.

28. Банан принципі Егер сіз піспеген банандар сатып алсаңыз, олар піседі-ау деген кезде, олардан ештеңе де қалмайды. Егер сіз оларды піскен күйінде сатып алсаңыз, банандар жеп біткенше бүлініп кетеді.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

986
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *