Ештеңеге қарамастан: өнімділікті қамтамасыз ететін үш ереже

Біз “назар алаңдаушылық дәуірінде” өмір сүріп жатырмыз, сондықтан өнімділікті қамтамасыз ететін үш ереже туралы білу артық етпейді.

Артық ақпаратпен күресу қиынға соғатыны соншалықты, біз үнемі шаршап жүреміз. Қалыптасқан жағдайды өмірімізде орын алған белгісіздік қиындатады. Бұл өмірде басқара алатыны жалғыз зат — тек біз өзіміз ғана екенбіз. Жазушы Даниэль Фору Medium-дағы өз блогында алаңдаушылықты болдырмауға көмектесетін өзінің өнімділік стратегиясы туралы айтып берді.

1. Алдыңызға нақты мақсаттар қойыңыз.

Әлем өте күрделі және белгісіздікке толы. Бұл мазаңызды кетіруі мүмкін. Егер сіз не істеу керектігін, неден бастау керектігін білмесеңіз, берекеңіз қашқанын сезесіз.

«Берекенің қашуымен» күресудің екі жолы бар:

• барлығынан бас тартып, оқшаулану;

• мақсаттарды нақты қойып, оларға жету үшін көп жұмыс жасау.

Сізді қоршаған әлем неғұрлым күрделі болса, соғұрлым мақсаттар нақты болуы керек. Олар қоршаған ортаны қарапайым етіп, белгісіздік дәрежесін төмендетеді. Баратын жеріңіз белгілі болса, қозғалысыңыздың мәні пайда болады.

2. Нәтижесін емес, бірізділігін бағалаңыз

Сіз өзіңізге белгілі бір мақсат қойғанда, нәтиже туралы ойлар еліктіріп басыңыздан шықпай қояды. Біз көбірек ақша тапқымыз келеді, дене пішініміз жақсы болғанын қалаймыз, табиғаты сұлу жерлерді шарлап, керемет әсер алғымыз келеді.

Дегенмен, нәтижеге жету жолында бір нәрсені құрбан етуіңіз керек. Мысалы, ақшаның артын қуу көбінесе қарым-қатынасқа немесе психикаға әсер етеді.

Бәсекелестіктің күшеюімен мұндай нәтижелер одан да тартымды бола түседі. Дегенмен, импульстардың жетегінде жүрсеңіз, мақсатыңызға жетпей қалуыңыз мүмкін. Нәтижеге ұмтылудың орнына, жүйелілікке, дәйектілікке назар аударыңыз.

Өйткені бұл SEO үшін жақсы деп белгілі бір тақырып бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық жазғаннан гөрі, өз блогымда апта сайын қысқа мақалалар жариялағанды ​​жөн көремін.

Күн сайын гір тартып, аптасына бірнеше рет жүгіру жолында жаттығып, бірнеше аптадан кейін “күйіп” кеткеннен гөрі, мен аптасына төрт рет гір көтеріп, күн сайын серуендегенді жөн көремін.

Жүйелілікке назар аудару сізге сәйкес келетін өнімділік деңгейіне жетуге көмектеседі. Бұл сіздің табиғи өнімділігіңіз бен тәжірибеңізге байланысты. Қазір мен мұндай мақаланы бір сағатта жаза аламын. Бірақ алғашында бұған бірнеше күн кететін еді.

3. Контентті тұтынуды азайтыңыз

Мен ешқашан 2020 және 2021 жылдың бірінші жартысындағыдай көп контентті қараған емеспін. Әлемде көптеген оқиғалар болып жатқаны сонша  -пандемия, вакциналар, саясат және экономика — бұқаралық ақпарат құралдарынан көз алу мүмкін болмады.

Зұлым ақпарат құралдары өздеріне назар аударуда тым шебер. Бір кездері жаңалықтар менің ойлау қабілетіме және өнімділігіме кері әсер ететінін байқадым.

Сондықтан мен өзімді өзгертіп, бұрынғыдай жаңалықтарды қадағалауды доғардым. Кейбір маңызды ақпараттарды отбасымнан немесе достарымнан алатын болдым. Мен әлі күнге дейін экономика мен өзім инвестициялайтын компаниялардың жаңалықтарын бақылауды жалғастырудамын, бірақ күн сайын емес — аптасына бір немесе екі рет.

Бұл шынымен күніне бір-екі сағатты үнемдейді. Контентті тұтынудың орнына белсенді заттармен айналысыңыз. «Табиғатқа көбірек уақыт өткізіңіз» — бұл қарапайым болса да, өте пайдалы кеңес.

Маған қатты шаршатпайтын, бірақ ақыл-ой белсенділігін қажет ететін заттармен айналысқан ұнайды: жазу, шет тілін үйрену, сурет салу және т.б.

Ең бастысы — ләззат алыңыз

Әлемде көптеген мүмкіндіктер бар, сондықтан сізге жек көретін жұмысты жасаудың қажеті жоқ. Бірақ жаңа дағдыларды меңгеру және тез өзгеретін экономикаға бейімделу үшін күш салу қажет.

Қоршаған ортаңыз неғұрлым күрделі бола бастағанда, білімнің маңыздылығы соғұрлым артады. Сіз бірден өзіңізге ұнайтын және ләззат әкелетін затпен шұғылдануға уақыт тапсаңыз, екі дүниенің де ең жақсысын ала аласыз.

Оған қоса өз мамандығыңызды өзгерту де қажет емес. Жұмыс тәсілін өзгерту арқылы қазіргі жұмысыңызды қызықты ете аласыз.

Биылғы жылдың басында мен өз жұмысымнан өткен жылға қарағанда аз ләззат алдым. Мұның бәрі өзіме ұнайтын нәрсемен айналыспағандықтан және қажетсіз нәрселерге тым көп уақыт жұмсағанымнан болды.

Бәрін шынайы жасауыңыз керек. Сіз өз жұмысыңызды шын жүректен жақсы көруіңіз керек. Мұны түсіну үшін уақыт қажет. Жауап бірден келмейді.

Жаңа мақсаттарды қою – жаңа жолды бастаудың тамаша тәсілі. Ең бастысы — өркендеуге жету және оның қай жақтары сізге ұнайтынын анықтау. Мұны сіз ілгері қозғала бастағанда түсінесіз. Ал бұл істі тек бастау ғана қалды дегенді білдіреді.

572
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *