Естеріңізде болса, былтыр, яғни 2018 жылы әдебиеттен Нобель сыйлығы берілмеген еді. Оның себебі әдебиет бойынша Нобель комитеті таратылды (оның да өз себебі бар).

Бірақ биылғы лауреаттарды сөз етейік. Сонымен екі лауреат:

2018 жылдың лауреаты  – поляк жазушысы және ақыны Ольга Токарчук, 2019 жыл – австриялық жазушы және драматург  Петер Хандке.

Токарчук «Бегуны» романы үшін 2018 жылы Букер премиясын алған болатын, одан да басқа поляк және халықаралық әдеби премиялардың иегері.

Петер Хандке бұған дейін Слободан Милошевичтің режимін қолдағаны үшін сынға ұшыраған. Ол 2006 жылы Сербияның бұрынғы жетекшісінің жерлеуінде сөз сөйлегеннен кейін, Париждегі Comédie-Française театрындағы қойылымын болдыртпай қойған. Сол жылы жазушы Генриха Гейне премиясынан да бас тартқан.

Швед ғылым академиясының шешіміне сәйкес Петер Хандке бұл сыйлықты «ықпалды еңбектерінде адамзат тәжірибесінің шалғайы мен ерекшелігін, қыр-сырын тілдік тапқырлықпен зерттегені» үшін алды.

Нобель комитетінің хабарламасында соңғы 50 жылда түрлі жанрдағы шығармалары жарық көрген жазушы өзін соғыстан кейінгі Еуропаның ең беделді жазушышы ретінде танытты делінген.

Ольга Токарчуктің шығармалары:

  1. Бегуны
  2. Дом дневной, дом ночной
  3. Правек и другие времена
  4. Путь Людей Книги
  5. Последние истории
  6. Диковинные истории
  7. Человек, который не любил свою работу
  8. Игра на разных барабанах (сборник)

Петер Хандкенің шығармалары:

  1. «Страх вратаря перед одиннадцатиметровым. Повести (сборник)
  2. «Долгое возвращение домой»
  3. Учение горы Сен-Виктуар
  4. Медленное возвращение домой (сборник)
  5. Дон Жуан
  6. Мюнхенская свобода и другие пьесы (сборник)
  7. Детская история

Дайындаған: Бақытгүл Салыхова

11.10.2019

484
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *