Жасанды интеллект, яғни AI араласпайтын сала жоқтың қасы.

Қазір AI копирайтинг құралдары жазумен күн көретін әр маманның ең жақсы досы бола алады, бірақ оны қалай орынды пайдалану керек екенін білуіңіз керек.

AI копирайтинг құралдары мазмұн генераторларынан электрондық коммерция чат-боттарына дейін барлық жерде бар. Жақсы жағы: AI көп уақыт пен ақшаны үнемдей алады. Енді қазақ тілінде жақсы қызмет көрсетсе, тіпті керемет болар еді. Бірақ ағылшын тілінде де қолданып, жақсы нәтижелерге жетуге болады.

Тағы бір ескертетін нәрсе адам AI копирайтерді қашан қолдану керек және нағыз адамның миын қашан қолданған дұрыс екенін таразылап отыруы керек.

Уақытты үнемдеу және маркетинг күшін арттыру үшін осы ұсынып отырған 8 AI копирайтинг құралын қолданып көріңіз.

Бұл ақпаратты интернеттен алдым, әсіресе Michelle Martin материалын қолдандым.

Сонымен,

AI копирайтинг дегеніміз не?

AI копирайтинг – бұл блог, әлеуметтік медиа жазбасын, электрон пошта хатын, сценарий және т.б. мазмұнды жасау үшін машина оқыту мүмкіндіктерімен біріктірілген табиғи тілді өңдеу бағдарламалық құралын пайдалану процесі. AI копирайтерлері жазған мазмұн адам жазғандай болады, бірақ оны жазуға аз уақыт кетеді.

1. Chat GPT

Алғаш жасалған AI копирайтинг құралы болмаса да, ChatGPT 2022 жылдың қарашасында іске қосылғаннан кейін интернетте вирустай тарап, ең танымал құралдардың біріне айналды 

ChatGPT examples capabilities and limitations

Дереккөзі: ChatGPT

ChatGPT-ді қолдану оңай, чат стиліндегі интерфейсі бар, бұрын ешқашан естімесеңіз де, кез келген адам бірден қолдана бастайды. ChatGPT сіз сұраған нәрсені түсініп қана қоймайды — бұл «табиғи тілді өңдеу» деп аталады, сонымен қатар ол сіздің әңгімеңіздің тарихын есте сақтайды және әр жаңа сұрақты сәйкесінше реттейді. 

Бағасы

ChatGPT тегін нұсқасын және айына $20 АҚШ доллар төлесеңіз ChatGPT Plus нұсқасын ұсынады.

ChatGPT-4 қазір тек Plus тұтынушыларына қол жетімді.

ChatGPT ресурсын кім қолданады?

ChatGPT — әмбебап құрал, барлық мамандар өз жұмысында қолдана алады, бірақ әсіресе мақала, есеп немесе басқа материалдарды тұрақты жариялап тұру қажеттіліктері бар контент маркетологтарына өте қолайлы. 

2. OwlyWriter AI

Hootsuite жүйесіндегі OwlyWriter AI туралы білесіз бе?  OwlyWriter AI, ол әлеуметтік медиа мамандарының жұмыс уақытын үнемдейтін кіріктірілген шығармашылық AI құралы.

Не істей аласыз:

Нұсқау түрінде жаңа әлеуметтік медиа тақырыбына жазба жазыңыз

Сілтеме негізінде жазба жазыңыз (мысалы, блог жазбасы немесе өнім беті)

Кілт сөзге немесе тақырыпқа негізделген пост идеяларын жасаңыз (содан кейін сізге ұнаған идеяны кеңейтетін хабарлама жазыңыз)

Ең жақсы нәтиже беретін жазбаларды анықтаңыз және олардың мақсатын өзгертіңіз

Келе жатқан мерекелерге арналған хабарламалар жасаңыз

Using Hootsuite OwlyWriter AI to write an Instagram caption: Typing in the subject and selecting the tone from a drop-down list.

Отыз күндік ақысыз нұсқасын қолданып көріңіз:

Start your free 30-day trial

Бағасы

OwlyWriter айына 99 доллардан бастап барлық Hootsuite жоспарларына кіреді.

OwlyWriter ресурсын кім қолданады?

OwlyWriter әлеуметтік медиа маркетологтары, контент жасаушылар және бизнес иелері үшін өте қолайлы. Егер сіздің жұмысыңыз әлеуметтік желімен байланысты болып, қандай да бір деңгейдегі жазу мен пост жариялауды қамтыса — бұл құрал сізге арналған!

3. Jasper

Jasper ұжымдық ынтымақтастықты ескере отырып жасалған, адам сияқты жазбаша мазмұн жасайды. Бұл AI копирайтерлерге Google Workspace сияқты. Jasper шаблондарының кітапханасы және бұлт қоймасы оны барлық көлемдегі бизнес үшін көшіру жобаларын біркелкі жасау, өңдеу және бекіту үшін тамаша таңдау.

Jasper құжат стиліндегі интерфейсті пайдаланады. Сіз қалаған мазмұн алу үшін қысқаша ақпарат, оның ішінде тонын (қандай көңілкүй, реңк болуы керек екенін) таңдайсыз, SEO кілт сөздерін және т.б. бересіз.

Jasper labradors paragraph

Дереккөзі: Jasper

Бағасы

Jasper 10 000 сөзге дейінгі мазмұнды тегін жазып ұсынады. Ақылы жоспар сөз санына байланысты және айына $24-тен $500-ге дейін тұрады.

Jasper ресурсын кім қолданады?

Jasper маркетинг пен мазмұнды жасау және брендинг топтарын синхрондау үшін өте қолайлы. Jasper бизнес-жоспарында бар мазмұнның реңкіне сәйкес мазмұнды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін бренд тон анализаторы бар.

4. Copy.ai

Copy.ai ең аз өңдеуді қажет ететін жариялауға дайын мәтіндердің нобайын жасайды. Процесс жазушыны жұмысқа алу кезеңіне ұқсайды — оған тақырып, шығармашылық бағыт беріңіз, жасаған эскизін бекітіңіз, және жұмыс аяқталды — бәріне бірнеше минут қана керек. Copy.ai мақалалар, әлеуметтік жазбалар, сату мазмұнындағы электронды хаттар және т.б. жасайды.

Рет-ретімен ұсынылған қысқа формат кірістірілген үлгілер сияқты алғашқы қадамды жеңілдетеді және мына жазбаны бірнеше минут ішінде жазып шықтым:

AI copywriting blog post on Copy.ai

Source: Copy.ai

Бағасы

Айына 2000 сөзге дейін тегін алуға болады немесе айына $49 АҚШ долларына жазылып шексіз сөз, автоматты жұмыс процесі, аударма құралдарын және т.б. аласыз.

Copy.ai ресурсын кім қолданады??

Бұл құрал жеке маркетологтар немесе командалар үшін өндірісті арттыру мақсатын жүзеге асыру үшін ең қуатты AI копирайтинг құралдарының бірі.

5. QuillBot

QuillBot басқа AI копирайтерлері сияқты нұсқаудан мазмұн жасамайды. Ол бұрыннан бар мазмұнды жаңа және шығармашылық жолмен өзгертеді. Тек қана синонимдік өзгерістер жасамайды, QuillBot мәтін қысқа және түсінікті болу үшін мазмұнды жеңілдетеді немесе пайдалы мәліметтерді қосу үшін кеңейте алады. Ол сондай-ақ AI іздеу құралы, дәйексөз генераторы және «бірлесіп жазу» сөйлемді аяқтау сияқты бірегей кеңейту мүмкіндіктерін ұсынады.

QuillBot rephrasing existing content

Source: QuillBot

Бағасы

Тегін нұсқасы — қайта жазу үшін 125 сөз және тек негізгі опциялармен қорытындылау үшін 2500 сөзбен шектеледі. Айына $19,95 АҚШ долларына премиум жоспарында шексіз сөздер саны, қосымша қайталау режимі, плагиатқа қарсы құралдар және т.б. ұсынады.

QuillBot ресурсын кім қолданады?

QuillBot әлеуметтік желідегі жазбалар жазу немесе бірнеше нұсқа жасау үшін мақалалардың бөлімдерін жеңілдету және қайта жазу, мазмұнды өзгерту үшін тамаша құрал. Бұл AI копирайтингін сынап көрудің қарапайым және жылдам жолы. Осы бағытта жұмыс істейтін барлық мамандарға қажет.

6. Wordtune

Wordtune — жазбаңыздың анық болып, оқылуын жақсартуға арналған тағы бір AI мәтінді қайта құрушы. QuillBot сияқты, сіз мазмұнның реңкін өзгерте аласыз және оны қысқарта немесе кеңейте аласыз. Wordtune-де статистиканы, фактілерді және тіпті әзілдерді қоса алғанда, кейбір әлеуетті қосатын «дәмдеуіштер» деп аталатын функциясы бар.

Wordtune AI rephraser with editor notes

Дереккөзі: Wordtune

Бағасы

Тегін жоспарын қолдансаңыз күніне 10 мәтінді қайта жазуға немесе айына $9,99 АҚШ долларына шексіз қолдануға мүмкіндік береді.

Wordtune ресурсын кім қолданады?

Фрилансерден бастап мазмұн жасайтын түрлі топтарға дейін Wordtune қолдана алады. Жаза алмаймын деген қорқынышыңызды жоюға, мазмұнды өзгертуге және аудиторияңызбен тезірек байланысуға көмектеседі.

7. Notion AI

Мынаны көз алдыңызға елестетіңіз: күн сәулесі түсіп қолыңыздағы мұздатылған кофенің эстетикасымен бірге электронды кестенің барлық өнімділігі құжатты өңдеу опцияларымен үйлесіп жатыр. Бұл Notion, әдемі және функционалды үлгілерімен танымал тапсырмалар мен жазбалар қолданбасы.

Notion-да кіріктірілген AI құралы бар. Ол негізінен өнімділік тапсырмаларына бағытталған, бірақ күшті AI копирайтинг мүмкіндіктері де бар, соның ішінде жаргонды жою, идеяны ми шабуылы арқылы талқылау және тіпті толық бөліктерді жасау.

Google Calendar көмегімен ADHD бар бірнеше жобаларды басқаратын Notion AI.

Notion AI managing multiple projects with ADHD using Google Calendar

Дереккөзі: Notion

Бағасы

Notion негізі тегін. Notion AI премиум қондырмасы — бір пайдаланушыға айына $10 АҚШ доллары.

Notion AI ресурсын кім қолданады??

Бұл бұрыннан Notion қолданатындар үшін, сондай-ақ Notion AI қолданып көргісі келетін және команда жазбалары мен тапсырмалар үшін икемді кеңістік іздейтін барлық маркетологтар сынап көретін орта.

8. DeepL

AI копирайтингін пайдаланудың ең жақсы мүмкіндіктерінің бірі мазмұнды аудару арқылы локализацияны жақсарту. DeepL мәтіннің мазмұны мен нюанстарын сақтай отырып, мазмұнды тиімді аудару үшін AI пайдаланады. Әрине, бағасы адам аудармашыны жалдау құнынан азырақ болады.

Яғни, нөлден жасалған мазмұн сияқты, оның дәл аударма екеніне көз жеткізу үшін біреудің оны тексергенін қалайсыз. Аударылған мәтін, мысалы, түпнұсқаға мүлдем сәйкес келмесе, оқылу үшін ғана емес, сонымен қатар кез келген құқықтық және/немесе қоғаммен байланыс қиындықтарының алдын алу үшін қажет.

DeepL translator English paragraph to German

Дереккөзі: DeepL

Бағасы

3 құжат пен 3000 таңбаға дейін тегін аудара аласыз. Айына 8 доллардан 57 долларға дейінгі Pro жоспары сізге шексіз аудармаларды және т.б. мүмкіндіктер береді.

DeepL ресурсын кім қолданады?

DeepL құжаттың кез келген түрін аударуда қолданылуы мүмкін, сондықтан ол жаңа аймақтарға кеңейіп жатқан бизнес үшін өте қолайлы. Ірі компаниялар сонымен қатар DeepL шығарылымын өңдеу үшін аудармашыларды қажет ететін ауқымды шығындарды үнемдейді.

4704
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *