2024 оқу жылы SDU университеті Гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар факультетінің 3-курс студенттері «Көркем аударма теориясы мен практикасы» курсы барысында ағылшын және орыс тілдерінен аударма жасап машықтарын жетілдірді. Курсты жүргізген педагогика ғылымдарының кандидаты, аудармашы Бақытгүл Орынбасарқызы Салыхова.
Курс барысында аударма жасауға https://daktilmag.kz «Дактиль» журналында жарық көрген әңгімелер таңдалып алынды. Олар:
- Тахмина Амиргазина «Жолдас», «Украденная кукла»
- Асель Анди «Чудеса в решете»
- Вика Смирнова «Тепло»
- Гүлнар Жандыбаева «Куки-Пачи в погоне за солнцем», «Волшебные камушки»
- Асел Искакова «Два брата»
- Оксана Мухортова «Как муравей Землю спасал»
- Даша Опаленчук «Мамы нет дома»
Әңгімелерді орыс тілінен қазақ тіліне аударған 3-курс студенттері: Ерлан Умашев, Балым Әлібек, Ақжан Анапия, Айнұр Джаулбаева, Аружан Тұрғын, Ботагөз Қуанышова, Камила Ниетбаева. Әңгімелерді тексеріп, редакциялаған Бақытгүл Орынбасарқызы Салыхова.
Студенттердің аудармалары «Дактиль» журналының наурыз, сәуір айының нөмірінде жарық көрді:
Аты-жөні | Әңгіменің атауы | Сайтқа сілтеме | |
Ақжан Анапия | Жан жылуы | https://daktilmag.kz/54/children/vika-smirnova/zhan-zhyluy/959 | |
Камила Ниетбаева | Анамыз үйде жоқ қой | https://daktilmag.kz/54/children/dasha-opalenchuk/anamyz-uyde-zhok’-k’oy/958 | |
Балым Әлібек | Ғажайып бұлт | https://daktilmag.kz/54/children/asel-andirzhanova/g’azhayyp-bu’lt/957 | |
Аружан Тұрғын | Екі ағайынды | https://daktilmag.kz/54/children/asel-iskakova-/eki-ag’ayyndy/956 | |
Ботагөз Қуанышова | Құмырсқаның әлемді құтқаруы | https://daktilmag.kz/55/children/oksana-mukhortova/k’u’myrsk’anyn’-@lemdi-k’u’tk’aruy/998 | |
Айнұр Джаулбаева | 1)Куки-Пачи күнге жетер жолда 2)Сиқырлы тастар | https://daktilmag.kz/55/children/gulnar-zhandybaeva/@n’gimeler/997 | |
Ерлан Умашев | 1)Жолдас 2)Ұрланған қуыршақ | https://daktilmag.kz/55/children/tahmina-amirgazina/@n’gimeler/999 |
Оған қоса курс барысында TED конференциясының сайтына (ted.com) тіркеліп https://ted.captionhub.com/ted платформасында TED ED видеоларын ағылшын тілінен қазақ тіліне аударып жариялады.
Жарияланған TED видеолардың тақырыптары:
1)Кітаптарды әліпби ретімен қоюдың ең жылдам жолы қандай
2)Шын мәнінде адам айғайлап жатқан жоқ
3) Аттика түрмесіндегі көтеріліс кезінде шынында не болды?
4)Ең көп тыйым салынған кітап
5)Ғылым мен жалған ғылымды қалай ажыратамыз?
6)Адам неше жаста ең ақылды болады?
7)Ұйқы режимін өзгерте аламыз ба?
8)Теңіздерге үстемдік еткісі келген Құдай
9)Оқуды тиімді етудің үш әдісі
10)Уақыт кеңістігіне саяхат жасау жұмбағын шеше аласыз ба?
11)Түстерді қалай көреміз?
12)Спорт денең мен миыңа қалай әсер етеді?
Жарияланған TED видеоларын мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.ted.com/profiles/1481029/translator