25-күн: Loch Ness and Inverness day trip

Erten senbi, 11 qazan, Loch Ness-ke sayahatqa baramin. Aldin ala iPadtan zhazatyn bet daiinddap qoiaiyn. Erten birinshi ret iPadtan maqala zhariyalap koremin. Kobinese suretter salip otyrarmin. Avtobysta wifi bolatynina senimim mol.

PS: erten emes, bugin zhazbani salip qoiippin, yagni erten tolyqtirip otyramin 🙂 iPad-ty qoldanip zhazba zhazip, suret zhuktei bersem bolady eken.

 

image

 

Өкінішке орай автобуста уайфай болған жоқ, бірақ ол ең басты мәселе емес. Автобусқа отырып сағат сегізде жолға шықтық, қасымдағы көршіммен танысып сөйлесіп жап-жақсы отырғанбыз, бір сағаттай уақыт өткенде өзімді бәртүрлі сезіне бастадым, таңертеңгі асымды ішпей тек сүт ішіп шыға салып едім, соның кесірі болар деп кішкене әрімшік қосылған бутерброд жедім. Біраздан кейін өзімді тіпті нашар сезіндім. Содан басталды, автобус қатты жүріп келе ме, әлде серпантин жолдардың әсері ме, әйтеуір құсып жаман болдым. Барынша көмектескісі келген гид дәріден басқа ешнәрсе ұсына алмады, аздап шыдаңыз, қазір автобусты тоқтата алмаймыз деп кетті. Сонымен барынша шыдағанымды қайтейін, жақсы болмады. Келесі тоқтайтын жерге жеткен соң, сол жерде қалып қойып Глазгоға кері қайтсам ба деп ойлап қойдым. Межелі жерге де жеттік, бірақ ол жерде не автобус, не такси ұстау мүмкін емес екен. Жолға үш автобус шыққан ғой, соның біреуіндегі гид қыз «қазір бір жанар жағар май станциясына жеткенде такси ұстап, пойыз жүретін жерге дейін барып, пойызбен Глазгоға қайтуға болады» деді. Ойбай, айдалада қалып қоярмын, деп оған келіспедім. Барынша шыдай тұрайын, деп ойладым. Әйтеуір таңертеңнен басталған жаман сезіну, сағат бір жарымға дейін созылды ғой, содан кейін аздап өзімді жақсы сезіне бастадым, мұндай жағдай ешқашан болмайтын. Бұдан да қашық жерлерге Қазақстанда жүргенде барушы едім ғой, өзім де автомобиль айдаймын, әртүрлі жылдамдықпен де жүремін.

Не де болса әйтеуір, өзімді жақсырақ сезінгеніме қуандым.

Сөйтіп жүріп, әрине, ешнәрсе көре алмадым десе де болады, әсіресе, көлді, бірақ арасында жақсы пейзаждардың болғанын көзім шалып қалды, өкінішті, енді ол жерлерге қайтып бармаймын ғой.

Бірақ түстен кейін түсірген суреттерден көре отырыңыздар.

IMG_0068

Жолға енді шығайын деп жатырмыз, сағат сегізге он бес минут қалған кез, Глазго университетінің алды, автобустан түсірілді.

IMG_0069

Лохнеске баратын үш автобус тұр, бір бірін іздеген студенттер, бір автобустан екіншісіне ауысып отырып, әйтеуір автобус толды ғой.

IMG_0073

Сағат сегізден сегіз минут кетті, жолға шықтық. Сәтті сапар болсын!

IMG_0081 IMG_0082IMG_0088 IMG_0091 IMG_0094 IMG_0096 IMG_0106 IMG_0110

 

Осы Форт Аугустуста өзімді жақсырақ сезіндім, бір сағаттан аса уақыт берілді, мен өз-өзіме келіп, ең болмаса естелік болсын деп төрт ашықхат сатып алып, ауамен тыныстап, ауыстыратын киім алмай шығыппын, свитерден басқа, шалбар сатып алып, киім ауыстырып адам болып қалдым 🙂

PS: Бұдан да басқа суреттер мен шағын видеолар бар, кешке қарай салармын.

Глазго, Шотландия

сенбі, 11.10.2014

644
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “25-күн: Loch Ness and Inverness day trip”
  1. aman esen barip kaytkanina shukir. men barganda da adventure bolip kaytkam — songi avtobuska keshigip, sosin sol jerde isteytin bir ayeldin mashinasimen kaytkanmin. Lochness suretteri kaida? ) Ness monsterdi kordin ba? )))

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *