25 қараша: Біртүрлі қызық

Шынымен де 25 қараша біртүрлі қызық күн болып тұр. Ауа райы жып жылы, құдды бір көктем сияқты. Қолыма тағы да Райан Холидей мен Стивен Хансельманның «Әр күнге арналған стоицизм» кітабын алып, бүгін қандай цитатаны айтады екен деп аштым.

Осы кітаптағы 25 қараша: Біртүрлі қызық сезім тудырады. Сонымен кітаптан үзіндіні аударып беріп отырмын:

Маған келсек, молшылықта тұрып, сән-салтанат құрғаннан гөрі ауырған  дұрысырақ дер едім. Өйткені ауру тек тәнге әсер етеді, ал молшылық тәнмен бірге жанды да құртады. Ол тәнге сылбыр болу мен дәрменсіздік әкелсе, жаныңызға имансыздық пен қорқақтық береді. Оған қоса молшылық ашкөздік пен сараңдықтың кесірінен әділетсіздік әкеледі. Гай Музоний Руф Лекциялар 20.113.6-10

Лотереядан ақша ұтып алған адамдардың оқиғалары көп сабақ береді: көбінесе оңай келген ақша құдайдың жарылқауы емес, қарғысы болып  шығады. Ақша ұтып алғанына көп уақыт өтпей жатып, жеңімпаздар бұрынғы қаржы жағдайына қарағанда нашар күйге түседі. Олар дос-жарансыз қалады, тіпті ажырасып жатады. Олардың өмірі аяқ астынан келген табыстың кесірінен үлкен тозаққа айналып үлгереді.

Metallica тобының “No Leaf Clover” (Жапырағы жоқ жоңышқа) өлеңіндегі мына жолдар еске түседі: Сонан соң туннель соңындағы көңілге дем берер жарық, Тек қана қарсы келе жатқан тауар вагоны болып шығады.

Бәріміз қорқатын обыр ауруынан жазылып шыққан адамдардың ең жиі беретін жауабы не екенін білесіз бе? «Менімен болған жағдайлардың ең кереметі, осы еді».

Біртүрлі қызық, солай емес пе?

Аударған Бақытгүл Салыхова

783
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *