4 қызық дыбыссыз кино

Дыбыссыз кино ХХ ғасырдың басында пайда болса да, қазір де өзектілігін жойған жоқ. Кино тарихына көз жүгірткіңіз келсе немесе уақытыңызды қызықты өткізгіңіз келсе біздің тізімімізге назар аударыңыз.

1. «Үлкен қала оттары«

Орысша атауы: Огни большого города

Ағылшынша атауы: City Lights

Шыққан жылы: АҚШ, 1931 жыл

Жанры: комедия, драма, мелодрама

Ұзақтығы: 87 минут

IMDb рейтингі: 8,5

Кішкентай Қаңғыбас гүл сатып, күнін көріп жүрген соқыр қызбен танысады. Ол қыз сұлу, бай жігітпен таныстым деп ойлап қалады, ал біздің кейіпкеріміз оған, шындықты айтпайды. Гүл сатушы қызға операция арқылы көз жанарын қайтаруға болатынын білген Қаңғыбас, оған көмектесуді ұйғарады.

Әрине, қызықты дыбыссыз көркем фильмдердің тізімі ұлы Чарли Чаплиннің қатысуымен түсірілген киносыз болуы мүмкін емес. Бұл режиссер көптеген атақты фильмдерді түсіріп, бас рольдерді ойнаған.  “Үлкен қала оттары” – кино тарихындағы үздік романтикалық комедиялардың бірі. Бұл фильмде Чаплин қандай да болмасын қиындықты махаббат жеңетінін, өзінің үйреншікті әзілін қиыстыра отырып, әдемі жеткізген.

2. «Қауіпсіздік жасасын!«

Орысша атауы: Наконец в безопасности!

Ағылшынша атауы: Safety Last!

Шыққан жылы: АҚШ, 1923 жыл

Жанры: комедия, триллер

Ұзақтығы: 74 минут

IMDb рейтингі: 8,1

Жас жігіт қалаға көшіп келіп, биік мансапқа жетуді армандайды. Ол универмагта сатушы болып жұмыс істеп жүрсе де, қызына “қызметте көтерілдім” деп хат жазады. Аз уақыттан соң сүйіктісі қонаққа келгенде біздің кейіпкеріміз бар күшін салып шындықты жасыруға тырысады.

Бұл кинода басты рөльді атақты комик, қиын да қатерлі трюктер шебері Гарольд Ллойд сомдаған. Тап осы фильмде әлемге әйгілі аңызға айналған оқиға – кейіпкер үлкен сағаттың тіліне ілініп қалған кез – бірінші рет көрсетіледі. Кейін бұл жағдайды көптеген фильмдерде оншақты рет қайталаған. 

3. «Генерал» паравозы

Орысша атауы: Паровоз “Генерал”

Ағылшынша атауы: The General

Шыққан жылы: АҚШ, 1926 жыл

Жанры: комедия

Ұзақтығы: 67 минут

IMDb рейтингі: 8,1

АҚШ-та Азаматтық соғыс басталып, паравоз машинсті Джонни Грэй әскерге өз еркімен жазылғысы келеді. Бірақ оны әскерге алмайды, сондықтан оны бәрі қорқақ деп санай бастайды. Алайда солтүстіктік шпиондар оның пойызын алып қашқанда, жасөспірім бар ержүректігін көрсетіп олардың артынан қуады. Мұндай батылдықтың бір себебі пойыздың жүк вагонында кейіпкердің сүйікті қызы қалып қойған екен.

Дыбыссыз киноның ұлы комигі Бастер Китон заманының ең күрделі фильмін түсіріп, әдеттегідей онда басты рөлді ойнады. Бұл кинода қазірге дейін қатты әсер қалдыратын көптеген трюктер жүзеге асырылған. Ал локомотивтің көпірден құлау оқиғасы сол заманның ең қымбат көрінісі болды.

4. «Әртіс«

Орысша атауы: Артист

Ағылшынша атауы: The Artist

Шыққан жылы: Франция, Бельгия 2011 жыл

Жанры: драма, мелодрама,комедия

Ұзақтығы: 96 минут

IMDb рейтингі: 7,9

ХХ-шы ғасырдың 20-жылдарында дыбыссыз киноның заманы құлдырай бастайды. Талантты актер Джон Валентайн  өзгерістерді мойындағанымен, жаңа ережелерге көндіге алмайды. Жаңа заман өзгерістеріне үйренуге оған құпия ғашығы болып жүрген қосалқы әртіс Пеппи Миллер көмектеседі.

Бұл мақалада айтылған алдыңғы кинолар ХХ ғасырдың басында шығарылған. Ал “Әртіс” фильмін классикалық дыбыссыз фильмдерге ұқсатып 2010 жылдың басында түсірген. Фильмнің бірегей ойын көрермендермен қоса мамандар да жоғары бағалады. 2012 жылы “Оскар” сайысында бұл фильм “Ең үздік фильм” сыйлығының иегері атанды.

Ал сіз қандай дыбыссыз фильмді көрдіңіз? Ойыңызбен бөлісіңіз.

Дайындаған Бақытжан Салихов

791
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *