Райан Холидей, Стивен Хансельман жазған «Күнделікті стоицизм» /Данышпандық, күш-жігер және өмір сүру өнері туралы 366 ойтолғау/ кітабынан аудармалар ұсынамын.

5 қаңтар: Ниеттеріңізді нақтылаңыз

Сонымен барлық еңбек қандай да бір мақсатқа бағытталуы керек, бір нәрсеге жетуі керек. Тынымсыздарды құлшыныс мазаламайды, бірақ бір нәрсе туралы жалған түсінік ойсыздарды арандатады.

Сенека. Рухтың тыныштығы туралы 12.5

Роберт Гриннің «Биліктің 48 заңы» кітабындағы 29-заңында былай делінген: соңына дейін жоспарлаңыз, яғни *бүге-шігесіне дейін жоспарлаңыз* (*аудармашының толықтыруы). Грин былай деп жазады: «Егер сіз соңына дейін жоспарласаңыз, (аяқ астынан болған) жағдайлар сізді есіңізден тандырмайды және сіз қай кезде тоқтау қажеттігін де білесіз. Барлық қадамдарыңызды алдын ала ойластыра отырып, тағдырыңызды мұқият бағыттаңыз және болашақты анықтауға көмектесіңіз. Стивен Ковидің «Өте тиімді адамдардың 7 дағдысы» кітабындағы екінші постулат былай дейді: бастаған кезде, жеткіңіз келетін мақсаттыңызды көз алдыңызға елестетіңіз.

Әрине, мақсатты визуализациялау, яғни көз алдыңызға елестету, оған қол жеткізуіңізге кепілдік бермейді, ешбір стоик мұндай мәлімдемені қолдамайтыны сөзсіз.

Алайда, егер сіз оны көз алдыңызға елестетпесеңіз, онда сіз оған қол жеткізе алмайтыныңыз анық. Стоиктер үшін  ойесис (жалған пікір)  рухтың шатасуына ғана емес, сонымен қатар хаотикалық және тиімсіз әрекеттер үшін де жауап береді. Егер сіздің күш-жігеріңіз қандай да бір мақсатқа бағытталмаса, сіз оларды себепсіз салып жатсаңыз, онда күн сайын не істеу керектігін қайдан білесіз? Неге «жоқ» деп, неге «иә» деп айту керектігін қайдан білесіз?

Ненің жеткілікті екенін, мақсатыңызға жеткеніңізді қалай білуге болады? Ал жолдан шығып қалсаңыз, қайда баратыныңызды әлі нақтыламаған болсаңыз ше?

Жауап біреу: жауабы жоқ. Және сіздің жолыңыз болмайды, сіз сәтсіздікке ұшырайсыз, немесе одан да жаманы мақсатсыздық сізді ессіздікке апарады.

Аударма жасаған: Бақытгүл Салыхова (05.01.2022 жыл)

893
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *