Қазақ тілін ағылшын тілі арқылы үйренушілерге мынадай тапсрымалар да қызық болар деп ойлаймын. Немесе сіз ағылшын тілінен аудармалар жасауға машықтанып жүрсеңіз, бұл да бір таптырмас жаттығу болар.

Ал енді мынаған назар аударыңыз:

Keep looking up… There may be a RAINBOW waiting for you.

Мынадай аудармалар жасап көрдік:

  1. Жоғары қараудан шаршама. Мүмкін сені кемпірқосағың күтіп тұр.
  2. Аспанға қараудан жалықпа. Кемпірқосағың сені күтіп тұрған болар.
  3. Жоғары қарай бер. Кемпірқосақты көріп қаларсың.
Өз аудармаңды ұсынып көр. Ең жақсысын таңдап алайық!

 

458
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *