76 жыл бұрын ЮНЕСКО құрылды

Осыдан 76 жыл бұрын 1945 жылдың 16 қарашасында Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы – ЮНЕСКО құрылды.

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы, 1945 жылы 16 қарашада Лондонда 37 мемлекеттің үкіметтерімен құрылып, 1925 жылы ұйымдастырылған, бірақ кейін ұмытылып кеткен Интеллектуалды ынтымақтастық халықаралық институтының ресми мұрагері болды.

БҰҰ-ның бұл мамандандырылған құрылымын құрудың мақсаты: «Әділеттілік, заңдылық және адам құқықтарын жалпыға бірдей құрметтеуді қамтамасыз ету мүддесінде білім, ғылым және мәдениет саласындағы халықтардың ынтымақтастығын кеңейту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жарияланған барлық халықтар үшін нәсіліне, жынысына, тіліне немесе дініне қарамастан негізгі бостандықтарды нығайтуға үлес қосу.

ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері Парижде орналасқан. Қазіргі уақытта ЮНЕСКО-да 193 мүше мемлекет, 2 бақылаушы мемлекет және 11 қауымдастырылған мүше бар.

БҰҰ-ның осы құрылымының өкілдігі – ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесі 1994 жылы ашылды, ол төрт елде жұмыс істейді: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан. Әрбір елдегі іс-шаралар ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялар және олардың құзыретті салаларындағы серіктестер желісі арқылы жүзеге асырылады.

876
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *