Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебіне барлық мұғалімдер конкурстық негізде қабылданды. Мектеп жаңа заман талабына сай жұмыс жасайтын білікті ұстаздар мен жаңашыл мамандарға толы. 3 айлық курстан өткен мұғалімдер өз біліктіліктерін көтеріп, әрбір сабақты түрлендіріп өтуге тырысады. Мұғалімдер оқыту үдерісін жаңа әдістермен толықтырып, өзгеріс жасап жатыр. Жаңа замандағы мұғалімдер ең әуелі оқушылардың ойлау жүйесіне еркіндік беруі тиіс. Әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның ілгерілеуіне ықпал ету үшін топтық, жұптық жұмыстар, жеке жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Заманауи мектепте оқуға барлық жағдай қарастырылғандықтан, болашақ ұрпақтың білім алуына берері зор. 4 топ мүшелері: Жантаева Әсел, Закирова Ләйлә, Алданазарова Сәуле.

570
Share

От Laila

3 комментария для “Жаңашыл мектептегі ұстаздар”
  1. «Білім саласында жаңа медиа технологияларды қолдану курсы бойынша дайындалған семинар-тренингті жүргізуші Бақытгүл Салыхова ханымға алғысым шексіз!!! Бұл курстан менің алған мәліметім өте көп. Тағы да осындай курстар жүргізілсе қуанышым шексіз болар еді.

  2. Қызылорда қаласында ұйымдастырылған «Білім саласында жаңа медиа технологияларды қолдану» тақырыбындағы курс семинар- тренингтің мұғалімдерге көмегі зор болды. Біз ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістерін маңызын саралап, әр-түрлі интернет саиттармен жұмыс жасау жолдарымен, мүмкіншіліктерін үйрендік. Тренингті жүргізуші Бақыткүл Салықова ұстазға алғысымыз шексіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *