Қазақ тілін меңгерту барысында (басқа тілдердегі сияқты) балалар әндерін үйрету өте жақсы нәтиже береді.

Соның бір мысалы ретінде «Ақ мамам» әнін ұсынып отырмыз.

Әнді үйрену бір сәтте болатын шаруа емес, сондықтан оқушылар тез үйреніп кетпеді деп қынжылмаңыз. Бір күннің ішінде әннің сөзін жаттап алыңдар деген талапты да оқушыларға қоюға болмайды.

Өз тәжірибемізде біз әнді екі жолдан немесе шумақтап есте сақтауға бағытталған жұмыстар жүргіземіз (бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты).

Жұмыс барысы:

Бір әнді үйренуге кем дегенде 2 аптадай уақыт бөліңіз, яғни әр сабақта 5-10 минут шамасында жұмыс жүргізіп отырыңыз.

  1. Оқушылармен бірге әнді тыңдау.
  2. Таңдап алынған шумағын немесе екі жолының мазмұнын түсіндіру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
  3. Хормен, сонан соң жеке-жеке қайталату.
  4. Әннің ырғағымен қайталату.
  5. Әнді әр сабақтың басында немесе соңында қайталату.

    Әннің презентациясын жүктеп алу үшін:  Ak mamam

    Оқушылар әнді жақсы үйреніп алды деген кезде сынып сағатында, ата-аналардың қатысуымен өткізілетін мектеп іс-шараларында орындатуға болады.

    Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

    1314
    Share

    От bilimpaz

    Один комментарий к “«Ақ мамам» әні”

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *