«Әрбір баланың ұстазы болуы керек» Рита Пирсонның TED Education-да сөйлеген сөзі. Қазақша аударғаныма біраз уақыт болған, бірақ тексеріп қолдайтын адамдардың жоқ байланысты, жарияланбай жүрді.

Кеше түнде видео жарияланды деп хабар келгенде қуанып кеттім, неге екенін өзім де білмеймін 🙂

Енді осы видеоны тамашалаңыздар.

Ал мынау аудармасы:

«Мен бар өмірімді мектепте немесе мектепке бара жатқан жолда, иә мектепте болған жағдайларды талқылау барысында өткіздім. Менің ата-анам мұғалім болды, анамның ата-аналары да мұғалім болды, мен де соңғы 40 жыл бойы солардың ісін жалғастырып келемін. Сондықтан осы жылдар бойы менің білім реформасын жан-жақты қарастыруға мүмкіндігім болғанын айтпай-ақ қойсам да болады. Бұл реформалардың кейбіреуі жақсы нәтиже берді. Кейбіреуі — онша емес. Біз балалардың мектепті неге тастайтынын білеміз. Біз балалардың неге оқығысы келмейтінін білеміз. Оның себебі — кедейлік, сабаққа қатысудың төмен көрсеткіші, құрбы-құрдастарының жағымсыз әсері. Бірақ біз ешқашан талқыламайтын бір нәрсе бар немесе талқыласақ та аз талқылайтын тақырып. Бұл — адамдар арасындағы байланыстың құндылығы мен маңыздылығы. Қарым-қатынас.

Джеймс Комердің айтуынша маңызды қарым-қатынастарды түсінбейінше, басқа ешқандай маңызды нәрсені түйсіне алмайсыз. Джордж Вашингтон Карвер «таным дегеніміз қарым-қатынастарды түсіну» деген. Осы залда отырған әрбір адамға әсер еткен мұғалім немесе басқа да ересек адамның болғаны сөзсіз. Жылдар бойы мен адамдардың қалай оқытатынын бақыладым. Мен ең жақсыларын да, ең нашарларын да көрдім.

Бір күні менің әріптесім былай деді: «Маған балаларды жақсы көргенім үшін ақша төлемейді. Мен сабақ өткізгенім үшін ақша аламын. Балалар оқулары керек. Мен оларды оқытамын. Олар үйренулері тиіс. Бары осы.»

Мен оған былай жауап бердім: «Балалар өзіне ұнамаған адамнан ешқашан үйренбейді»

(Күлкі) (Қол шапалақтау)

Ол маған «Не деген бос сөз!» — деді.

Ал мен оған: «Сенің жұмыс істейтін жылдарың шексіз және адам сенбейтіндей ауыр болады, қалқам,» — дедім.

Дәл солай болып шықты. Кейбір адамдардың ойынша сіздің қарым-қатынас құра алатын қабілетіңіз не бар, не жоқ. Менің ойымша Стивен Кови дұрыс айтады. Оның ойынша бірнеше қарапайым түкке тұрмайтын нәрселерді үйреніп алу керек. Мысалы, сені түсінсін десең, алдымен өзің түсінуге тырыс. Немесе кешірім сияқты қарапайым нәрсе. Сіз осы туралы ойланып көрдіңіз бе? Баладан кешірім сұраңыз, ол сасып есеңгіреп қалады.

Бір күні мен пропорция туралы сабақ өткіздім. Мен математиканы жақсы білмейтінмін, бірақ мен бұл бағытта жұмыс істедім. Сабақтан кейін әдістемелік құралға көз сал%D

435
Share

От bilimpaz