Сарқырама

Алматыдағы Бутаковкаға бұған дейін де барғанбыз, бірақ ол жақтағы Сарқырамаға жазда барғанда жол түспеген болатын. Өйткені машинаны тексеру бекетінің қасына қойып әрі қарай жаяу барғанбыз. Сөйтсек ол сондай жақын жер емес екен, бір кісінің айтуынша 7-8 шақырым екен. Соған шаршап қалып, әрі қарай бармай-ақ қояйық деген мен болатынмын. Оның орнына сол жерде болып жатқан ат жарысын көріп қайтқан болатынбыз.

Осы жолы қыстағы Бутаковканы көрдік. Басты мақсатымыз сарқыраманы көру болғандықтан, машинамен жоғарыға дейін көтерілдік. Бізден басқа да біраз адам бар екен, көбі шаңғы тебуге келіпті.

Сонымен фотобаянымызды бастайық.

Машинаны осы жерге қойып жаяу жүруге дайындалып тұрмыз.

жол басы

 

Айналаға көз тастасақ керемет табиғаттан көз ала алмайсың.

тау2

 

тау7

 

тау8

 

тау9

 

Сарқараманың қасында тұрып аспанға қарағанбыз.

тау4

 

Сарқыраманың тап өзі.

саркырама

 

Су ағып жатқан жерлерде ауа райының суық және қардың жатқанына қарамастан өсіп жатқан мына гүлдерді-ай.

20131215_130308

 

Басқа суреттерді тағы қосып қоярмын.

Ең бастысы: Алматыда тұратын болсаңыз, оқу оқып жүрсеңіз, тіпті қыдырып келсеңіз осындай көрікті жерлерге барып қыдырып қайтыңыздар. Тыныштық, керемет табиғат, көтеріңкі көңіл-күй сіздің серігіңіз болатыны сөзсіз.

Алматы,

Бутаковка

2013 жылдың 15 желтоқсаны

819
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *