Номадтар онлайн ойыны шықты дегенде елең ете қалдым. Ойынды көргенше асық болдым. Бірақ іздеу жүйесі бірден тауып бере алмай қойды, сондықтан фейсбуктегі хабарлардан көріп сайттың адресін тауып алдым.

Сонымен ойынның атауы: NOMADS

Сайтының адресі: http://nomads.kz/

Сайтқа бірінші кірген кезде сізге тілді таңдау мүмкіндігін береді: сіз қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің біреуін таңдап алуыңызға болады. Мен қазақ тілін таңдадым. Сонан кейін тіркелу жұмысын бастадым, тіркелу оңай: электрондық поштаңыз бен құпия сөзіңізді жазасыз.

Cайтқа тіркелгеннен кейін электронды поштаңызға хат келеді, өкінішке орай хат орыс тілінде болды. Оқасы жоқ деп, келесі қадамға көштім. Яғни, хатта көрсетілген сілтемені бастым. Ашылған терезеде мәліметтерді толтырасыз, ол жерде де жартысы орысша, жартысы қазақша тұр екен, мысалы, Мужской, Женский; Имя персонажа; Возраст; Начать игру. «Жарайды» деп, бұған да көз жұмып, толтырып шықтым.

*белгісімен белгіленген жерлер міндетті екенін бәріміз білеміз, ондай таңба тұрмаған жерді толтырмай кете беруге болады деп ойладым, бірақ ол жерлерді де бос қалдыруға болмайды екен. Сонымен екінші рет толтырудан кейін, жүйеге кірдім. Алдымда мына терезе ашылды (толық емес, бір бөлігін ғана қиып алдым):

nomads1

Мәтіндегі қателерді де, әзірге, көрмеген болайын (негізі қате көрсем, бірден айтып жөндеттіруге тырысамын :))

Жалғастыруды басқанда Жеті қазына шығады:

nomads2

 

Интернет жылдамдығым жақсы болса да (менен, интернеттен кінә жоқ 🙂 ), өкінішке қарай сайт өте баяу жүктелді, сондықтан сіздерге барлығын рет-ретімен көрсете алмай отырмын, ойынды да ойнап көре алмадым.  Сондықтан әзірге мына әдемі суреттерді көре тұрыңыздар, жігіттер сайтқа бір сәтте  жиырма бес мың адамның (өздерінің айтуы бойынша) кіруіне байланысты қиындықтарды шешіп алған кезде тағы бір кіріп ойнап көрермін, сол кезде ойымды да айта жатармын.

 

nomads3

 

PS:  Өзім үшін, осы ақпаратты таратқым келгенде, бір қиыншылық туындады, ол қазақ тілінде ойында қалай жазамын дегенмен байланысты болды. «Номадс» деп алайын десем,біртүрлі естіледі, сондықтан  ағылшын тілінің көптік жалғауын қазақ тілінің көптік жалғауымен алмастырып «Номадтар» деп жаздым, бұл да біртүрлі көрінді, соған қарамастан осылай жазыла берсін деп ойладым. Сосын фейсбукте осы ойынды насихаттап отырған азаматпен хабарласып «Ойын қазақша қалай аталады?» деген сұрағымды қойдым.  Ол кісінің жауабы: «Ойын «Көшпенділер» деп аталады, бірақ шет тілінде тарату барысында түсінікті болсын деп «NOMADS» деп алдық.»  Кішкене пікірталас болды, оны жазбай-ақ қояйын. Бірақ кейде осындай нақтылықтың, айқындықтың жоқтығы мені біраз қынжылтады. Неге қандай жобаны жүзеге асырсаңыз да жан жақты талқылап, қойылатын сұрақтарды, мүмкін болар қауіп-қатерді, тәуекелді алдын ала болжап, есепке алмасқа?

Осындай ойындарды, басқа да жұмыстарды істеп жүрген азаматтар, шын мәнінде, өте үлкен іс атқарып жатыр. Олардың еңбегі жансын, жұмыстары тиісті марапаттар мен жүлделерге ие болсын. Әрине, бұл ойынның қателері де жүре-жүре  жөнделер, бірақ, өкінішке орай, әртүрлі себептерге байланысты болып жатады ғой, дегенмен  қолға алынған интернет жобалардың бірден  жүз пайыз кемшіліксіз, мінсіз болып шыққанын көрмеппін. Мен ылғи сондай жобаларды күтемін 🙂

06.05.2014
Алматы қаласы

800
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *