Шотландияға сапарым: 12-күн

Бүгін жексенбі, қаланың Сity Center деген жерін көруді жоспарлап отырмын, дүкендер аралап, спорттық аяқ киім сатып алуым керек (мүмкін басқа да қажет ұсақ түйек заттарды алармын). Алдын ала интернеттен қарап алғанымда дүкендер сағат онда ашылады екен. Үйден оннан кете шықтым, Глазгоға келгелі барынша жаяу жүремін, бүгін де жаяу жүріп білмейтін көшелерді көріп келейін.

Мен тұрып жатқан үй Maryhill road деген үлкен көшеде орналасқан. Алматыша айтсақ қиылысатын көшесі Northpark street. Бұрын ылғи үйден оңға бұрылып Queen Margarete road арқылы баратын жолды білгендіктен, ылғи солай қарай бұрылып жүретінмін. Осы жақ арқылы жұмысыма да, Глазго университетіне де баратын жолды білемін.

Бүгін енді Maryhill road көшесімен солға қарай бұрылып, осы бағытты зерттеп келейін деп ойладым. Иә, көшелері Алматыдағы сияқты параллель, перпендикуляр емес, кішкене айналмалы болып келеді, бір көше доға сияқты бұрылып келіп басқа көшеге ұласып кете береді, кейде екі үш шағын көшеге бөлініп кетеді. басында үйренісе алмағанмын, енді көшелерді салу логикасын түсініп қалған сияқтымын. Сонымен жаяу жүріп Maryhill road көшесінің аяқталатын жеріне дейін жеттім, ол жақта автомобиль жолы, көпірлер, алдында көпірмен жүріп көргенмін, ол ұзық және қиындау жол, сондықтан атын ұмытып қалған көшемен тіке жоғары қарай жүрдім (бұл да Алматыша айтқаным). Содан  cол көшемен жүріп отырып Sauchiehall Street ке дейін жеттім. Осы көшемен жүре берсең, құжынаған жұрт, айналаның бәрі дүкендер, одан қала берді көшеде еркін заттарын сатып тұрған сатушылар, тамақ та, тәттідер де, сувенирлер де, музыка ойнап, немесе ін айтып тұрған адамдар да осы жерде.

Мына музыканы Buchanan Street бойында тұрып ойнап жатқан музыканттарды қызықтап жазып алғаным. Бүгін камера да, айпад та алып шықпаппын, сондықтан телефоныма жазып алған музыка, суретті де телефоныма түсірдім.

Глазго, Шотландия

жексенбі, 28.09.2014

520
Share

От bilimpaz

2 комментария для “Шотландияға сапарым: 12-күн”
    1. Иә, Глазгоу қатты ұнап жатыр. Жиырма күн емес, біраз уақыт тұрып жатқандай сезініп жатырмын 🙂

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *