Шотландияға сапарым: 23-күн
Бүгін бейсенбі, естеріңізде болса, университеттегі Creative writing курсым бар.
Түске дейін жұмысымды аяқтап, сабаққа келдім. Аудиторияда қатысушыларға алдын ала қағаздарын үстелге қойып басқа мұғалім жүр. Өткен аптада белгісіз бір себептермен сабақтың басталатынын білмей қалыпты, ал орнына келіп өткізген кісі кафедра басшысы екен. Ал мен сол оқытушыны күтіп едім, бір екі бірлесіп істеуге болатын ойымды дайындап келгенмін. Өкінішті, бұл оқытушыға келесі жолы айтып көрсем бе екен?
Сонымен біртіндеп адамдар келе бастады, бәрі жаңа, өткенде сабаққа келмеген адамдар, біраздан кейін алдыңғы сабаққа келгендер де жинала бастады.
Мұғаліммен қайта танысып, бәрі өздерін таныстырып шықты, қандай мақсатпен келгендерін айтты.
Курс пен тапсырмамыз:
Біраз талқылағаннан кейін он минут беріп жұмыс туралы әңгіменің басын жазуды ұсынды. Бәрі қағаздарына шұқшиып жаза бастады. Сонан кейін мұғалім жазғандарыңызды оқып, талқылаймыз деді.
Сонымен шетінде отырғандардан бастап оқи бастады: кәдімгі кқркем шығарма түрінде жазған екен. Мен болсам, эссе түрінде жазған болатынмын, тапсырманы дұрыс түсінбей қалған болуым керек.
Иә, мұқият болу керек.
Глазго, Шотландия
бейсенбі, 09.10.2014
Сапарыңыз сәтті болсын!
Көп рақмет!