Шотландияға сапарым: 24-күн
Бүгін жұма, таңертең күнделікті уақытта оянсам да, жұмысқа барғым келмеді, бірақ олай болмайды ғой. Сондықтан киініп, жұмысқа кеттім. Жаңбыр жауып тұр, қатты емес, салқын да емес, жұмысқа жаяу жеткенше ыстықтап кетемін. Кейбіреулер жазғы аяқ киіммен, туфлимен, жай табан аяқкиіммен, күртесіз жүр. Ал Алматыда қар жауыпты. Иә, бұл жақтың ауа райы сондай жағымды, мына түрімен қар жаумайтын болар, тіпті жақсы.
Бүгін жаңа алған фотоаппаратымды сынап көруім керек. Түсте күн шығып, жадырағанымен жұмыстан шығар кезде ауа райы тағы бұзылды. Сонда да саябақты суретке түсіріп көрдім. Суреттер керемет емес. Кешке бұлтты күні түсірілді деп ақталып жатыр деп ойлап қалмаңыздар 🙂
Глазго, Шотландия
жұма, 10.10.2014
қандай камера алдың?