Шотландияға сапарым: 26-күн Glasgow Street Art

Бүгін жексенбі, демалыс, ерте тұрудың, ешқайда асығудың қажеті жоқ. Дегенмен күнделікті уақытымда тұрып, анау-мынау жұмыстарымды жасағанша түс уақыты болыпты. 

Бүгінгі күн жаңа көшелермен танысу күні. Патрик кітапханасы және Моррисон жаққа барамын. Бұл жолы адаспаймын, оған сенімдімін.

Сонымен жаяу жүріп келемін, Патрик кітапханасына да жеттім, жолда қызық деген жерлерді суретке түсіріп келемін.

IMG_0339 IMG_0345

Маған осы жақтағы кішкентай автомобильдер ұнайды. Сондай сүйкімді десе де болатын болар 🙂

IMG_0347 IMG_0348 IMG_0353 IMG_0354 IMG_0355 IMG_0357

Ал мына сурет арнайы Эльвира үшін, маған қанша рет осы жерге бар деп айтқан, жолым бүгін ғана түсті ғой 🙂

IMG_0360 IMG_0361

Дайын, жартылай дайын тамақтың түр-түрі бар, арзан, қымбат, бағасы түсірілген т.с.с. қажет нәрсенің бәрі бар. Көптігі сонша не таңдарымды білмеймін ғой.  Басында бәрінің дәмін татып көрейін деп ойладым, кейін бұл ойымнан айныдым 🙂 Жеміс-жидек, көкөніс, сүт тағамдары, яғни денсаулыққа пайдалысын ғана және бұрыннан жеп үйренген таңамдарымды алатын болдым. Мынау сөрелердің көрінісі, негізі суретке түсіруге болады, бақылап тұрған ешкім жоқ, біздегідей әрі-бері сабылып жүрген сатушы-кеңесшілерді де көрмейсің. Неге екенін білмеймін көп сурет түсіруге ыңғайсыздандым. Кейін барып жатсам, дүкеннің басқа да бөліктерін суретке түсірермін. Негізі бұл жақта ұннан жасалған тағамның түрі өте көп. Соны суреттер арқылы көрсеткім келген. Оны келесі жолға қалдырайын.

 

IMG_0362

Одан әрі қарай жүріп келемін, маған Глазгодағы көшелерде үйдің қабырғаларында салынған суреттер ұнайды. Үлкен, әдемі, ерекше, жарасымды, ұқыптылықпен салынған қайталанбас дүниелер.

s Photo Viewer 6.1.7600.16385 IF IF IF IF IF

 

Глазго, Шотландия

жексенбі, 12.10.2014

549
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Шотландияға сапарым: 26-күн Glasgow Street Art”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *