Шотландияға сапарым: 37-күн Ою
Бүгін бейсенбі, менің туған күнім. Сонымен қоса жұмыс күні. Былтыр осы уақытта Атырауда семинар өткізіп жүрген едім, биыл Глазгодамын. Сонымен туған күнді тойламай жүргеніме біраз жыл болды. Оған өкінбеймін де 🙂 Осылай дұрыс сияқты 🙂
Өткеннен бері әр жерден қазақтың оюын көріп жүргенмін, немесе оюға ұқсатып жүрген өрнектер бар. Кейбіреуіне қарасаңыз шынымен де қазақтың оюы сияқты, осының бәрі елді, үйді сағынып жүргеннен болар.
Ал енді мына суреттерге қарап ойларыңызды айтыңыздар.
Мыналарды университетің қасында түсірдім.
Глазго, Шотландия
бейсенбі, 23.10.2014
652
Дұрыс айтасыз!
Қазақтың ою-өрнектеріне өте ұқсайды