Шотландияға сапарым: 41-күн Күтпеген жаңалықтар

Бүгін дүйсенбі, жұмыс. әдеттегіден ерте тұрсам да, жұмысқа аздап кешігіп бардым. 

Айтуды ұмытып кетіппін ғой, кеше Глазгода сағатты ауыстырған болатынбыз, яғни бір сағат артқа жылжыттық. Қазақстанмен енді бес емес, алты сағат айырмашылық бар. Бізде таңертең болғанда, Алматыда түстің кезі. Көп адам хат жазып хабарласып жатады. Бір жағынан ыңғайсыз, жұмысқа жиналып жатқанда тез жауап беруің керек, сонымен уақытың өтіп кетеді де, мен сияқты аздап жұмысқа кешігіп қалуыңыз мүмкін.

Екінші жағынан жақсы, өйткені жұмыста мұндай шаруаларға уақыт жоқ.

Сонымен өткен аптадан бері басқа бір жобаға көмектесіп жатқанмын, ол жерде оқушылар өз бетінше видео жасау үшін материалдарды жинақтап қою керек, мысалы, тақырыпқа сәйкес суреттерді. Кейін оқушылар өздері содан видео құрастырулары қажет. Бұл дайындалып жатқан жаңа жоба, әлі іске қосылған жоқ. Сонымен осы жұмыстың арқасында жақсы ресуцрстармен танысып, жұмыс істеп көруге мүмкіндік алып жатырмын. Өткенде айтып кеткен http://www.gettyimages.co.uk/ сайтына қоса, https://www.sciencephoto.com  сайтымен де жұмыс істеп көрдім. Керемет! Мақтауға сөзім жоқ.

Тақырыпқа сәйкес сурет табу да оңай шаруа емес екен, әсіресе ол белгілі мақсатқа және сценарийге сәйкес болуы керек болса.

Түстен кейін жұмысымды жалғастырып отырсам, Патрисия келіп күтпеген жаңалық айтты. Мен келген кезде Лондондағы кеңсеге барып сол жерде екі аптадай боларсың деп айтқан болатын. Бірақ оның уақыты нақтыланбағандықтан, жайбырақат жүрген болатынмын.

Сөйтсе осы аптаның соңында, яғни сенбі, жексенбі күндері Лондонда World Teach In 2014 конференциясы болады екен. Соған қатысатын болдым, сонан соң Лонданда қалып екі апта тәжірибе алмасамын. Қандай керемет! Бірақ алғашқы сәтте бұл жаңалыққа дайын болмадым, сасып қалып, не дерімді білмедім.

конф Лондон

Кейін ойлап көрсем, жақсы мүмкіндік. Қалмай баруым керек екен.

Осы аптада бәрі бірінен кейін бірі болайын деп жатыр, жұма күні Единбург университетінде болатын EduWiki 2014 конференциясына барамын. Кешке қайтып келіп, таңертең ерте немесе сол күні түнде Лондонға ұшып кетемін. Ал енді дайындалу керек.

EduWiki Conference 2014
at Edinburgh First’s St Leonard Hall (University of Edinburgh)

Friday 31 October 2014

Convened by Toni Sant: toni.santatwikimedia.org.uk for WMUK
Contact: educationatwikimedia.org.uk, +44 (0)7885 980 536
Hashtag: #EduWiki

Сәттілік тілеңіздер!

 Глазго, Шотландия

дүйсенбі, 27.10.2014

573
Share

От bilimpaz

Один комментарий к “Шотландияға сапарым: 41-күн Күтпеген жаңалықтар”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *