Ересектерге арналған шет тілі

Жалғасы.

Басы: мына жерде 

Сонымен кеше айтқан кітапты бүгін Алматыдағы Меломан дүкенінен барып сатып алдым. Телефонмен алдын-ала тапсырыс беріп қойса, уақытыңды үнемдейді екенсің. Әрине, алдымен сайттан кітаптың бар-жоғын қарап, телефон соғып тапсырыс беріп қою керек. Сонда телефоныңа хабарлама келеді де, бос уақытыңда барып алып кетесің.

Сонымен кітап қолда, астын сызып қойып оқып отырмын. Бұл кітаптың авторлары Роджер Крез бен Ричард Робертс, ол «Ересектерге арналған шет тілі: кез-келген жаста жаңа тілді қалай үйренуге болады» деп аталады. Бұл орыс тіліне аударылып басылған кітаптың аудармасы, ал ағылшын тілінде «Becoming Fluent. How Cognitive Science Can Help Adults Learn a Foreign Language» деп аталады.

Сонымен 8 тараудан, пролог пен эпилогтан, алғыс, әдебиеттер тізімі және сілтемелер мен нақтылауларды қамтыған бұл кітап бар болғаны 208 беттен тұрады. Тез оқып шығатыныңызға күмәнім жоқ. Бірақ мен әр сөйлемін асықпай, біразының астын сызып тұрып оқып жатырмын. Өйткені бұл кітапта зерттеушілерге сілтемелер көп жасалған және біраз терминдер жақсы түсіндірілген. Сол терминдердің біразына тоқталып өтеміз. Ал қазір рет-ретімен бастайық:

  1. Қабілет — тіл үйренуге қабілетім жоқ деп жатады көбі. Бірақ бұл — миф. Егер сіз бір тілде сөйлесеңіз (ана тіліңізде сөйлей аласыз ғой), басқа тілді де меңгере аласыз. Өйткені сіз өмір бойы жинақтаған өзіңізге тән дағды, машық және зеректігіңіз бар, тек оларды басқа тілді үйренуде орында қолдана алуыңыз керек. Оған бір нәрсе ғана кедергі: сіздің қате наным-сенімдеріңіз.
  2. Тіл үйрену туралы 3 миф бар: біріншісі, ересектер балалар сияқты тілді оңай үйрене алмайды; екіншісі, ересектер тілді балалар сияқты үйренуі керек; үшіншісі, шет тілін үйренген кезде ана тіліңізді қолданбауға тырысыңыз. Осы мифтерге жауап табу үшін де кітапты оқуға болады.
  3. Когнитивистика — 1960 жылдары басталып, 1970 жылдары жақсы нәтижелер көрсеткен ғылымның саласы. Ол психология, лингвистика, философия, нейробиология, жасанды интеллект және антропологияның жиынтығы десе де болады.

Жалғасы бар.

Бақытгүл Салыхова

11.01.2018 (кешкі 19:25)

522
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *