Массачусетстегі семинарға қатысу стипендиясына ғылым мен экология тақырыбына жазып жүрген журналистер (кем дегенде 3 жыл тәжірибесі болуы керек) өтініш бере алады.

Ғылыми журналистерге арналған Logan Science Journalism Program бағдарламасы Чикага университетінің теңіз биологиясы лабораториясында журналистерге арналған екі интенсивті семинар ұйымдастырады, семинар барысында қатысушылар Массачусетс штатындағы Вудс-Холда жүргізілетін биомедициналық және экологиялық зерттеулерді жүргізу негіздерімен танысады.

Бағдарлама 26 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Биомедицина зерттеулеріне арналған курсқа ғылыми және медициналық журналистер, ал экология курсына — экология тақырыбына жазып жүрген журналистер шақырылады.

Өтініштер 2020 жылдың 24 ақпанына дейін қабылданады.

Толығырақ: MBL Logan Science Journalism Program

438
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *