Януш Корчактың «Баланы қалай сүю керек» кітабынан аударма жасап жатырмын. Мынау соның бір бөлігі, «Ата-ана махабатының құны» деп аталатын бөлімнен:

«Сен: «Ол … болуы керек  Мен оның …  болғанын қалаймын» дейсің. Оның кім болатынын таңдайсың, өзің қалаған өмірді таңдайсың.

Айналаңды кедейлік пен қарабайыр орта қоршап тұрғанында шаруаң жоқ. Айналаңда сұр өмір.

Адамдардың күйбің тірлігі, абыр-сабыр, талпыныс – ұсақ шаруа, күңгірт бастама, түкке тұрғысыз мақсаттар.

Орындалмаған тілектер, ауыр өкініштер, мәңгілік уайым.

Барлық жерде әділетсіздік.

Мейірімсіздіктен шошып, екіжүздіктен тұншығасың.

Азу тісі мен тырнақтары барлар қарсы тұрса, әлсіздер  өзінен пана іздейді.

Адамдар тек жан азабын шекпейді, сонымен бірге жаныңды жегідей жейді  …

Сенің балаң кім болуы керек?

Күрескер ме, әлде жұмысшы ма? Қолбасшы ма, әлде қатардағы жауынгер ме? Немесе жай ғана бақытты адам ба?

Бақыт қайда, бақыт неде? Оған барар жолды білесің бе? Сол жолды білетін адамдар бар ма?

Күшің жете ме? ..

Қалай болжап, қалай қорғауға болады?

Өмірдің буырқанған  тасқынынымен алысқан көбелек … Ұшуды тоқтатпай қанатын талдырмауға, шаршатпай күш беруге бола ма?

Қабыл алмаса ше, бас тартса ше?

Он бес жылдан кейін ол болашаққа қарайды, сен – өткенге. Сенің естеліктерің мен әдеттерің болса, оның жаңаға ұмтылысы мен батыл үміті бар. Сен күмәндансаң, ол күтеді және сенеді, сен – қорқақсың, ол – көзсіз батыр.

Мазақ етпесе, қарғамаса, менсінбесе, жастық әрдайым қателескен өткенді өзгертуге тырысады.

Осылай болуы қажет. Сонда да…

Іздей берсін, қателеспесе болғаны, шыңға шықсын, құлап кетпесе болғаны, жойсын, қолын қанға орамаса болғаны, күрессін, тек абайлап, абайлап.

Ол:

— Менің ойым басқаша. Қамқоршы болмай-ақ қойыңдар.

— Яғни, менің керегім жоқ қой?

— Мен саған масыл болдым ба? (Менің махаббатымнан шаршадың ба?) — Аңғал менің балам-ау, өмірді білмейсің ғой, бишара, қайырсыз. «

Орысшадан аударма жасаған Бақытгүл Салыхова

17.02.2020

728
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *