Программистер мүмкін болған барлық мелодияларды біріктіріп, түрлендіріп, оларды қоғамдық игілікке шығарған.
Дамьен Риль және Ной Рубин музыканттар шығармаларының авторлық құқықтар үшін соттасуды доғарғанын қалайды.
Программист, музыкант жәнеавторлық құқық жөніндегі заңгер Дамьен Риль және программист, музыкант Ной Рубин алғаритм құрастырған, осы алгоритмнің көмегімен сегіз нота мен 12 такттың тұратын мүмкін болған барлық комбинацияларды жазып шыққан. Бұл туралы олар TEDxMinneapolis конференциясында айтып берген.
Авторлардың айтуынша алгоритм секундына 300 мың мелодия жылдамдығымен жұмыс істейді, нәтижесінде мүмкін болған MIDI-мелодияның барлығын құрастырған.
Риль мен Рубин барлық мелодияны Creative Commons Zero лицензиясымен жариялаған. Бұл лицензия шығармаларды «халық игілігі, халық меншігі» деңгейіне шығарады. Оған қоса Github -та алгоритмнің коды мен барлық мелодияларды жариялаған.
Осындай жаңалықтарды оқығанда, біз не істей аламыз деп ойлаймын? Мүмкін домбырады, жетігенде, сазсырнайды т.с.с. ойнауға болатын барлық мелодияларды жазып шығатын адам шығар. Кім біледі? Сондай адам болуға тырысыңызшы, өтінемін.
Интернет беттерін ақтарып отырып, оқып сіздермен бөліскім келген кешегі жаңалық.
26.02.2020
Дайындаған Бақытгүл Салыхова