Көп нәрсені түсіндіретін өмірдің 7 заңы

Бізбен кейде түсініксіз нәрселер болып жатады, бірақ шын мәнінде олар белгілі бір заңдылыққа сәйкес болып жатқанын естеріңізге саламыз. Бүгін осы заңдардың тек жетеуін қарастырайық.

1. Мёрфи заңы

Дұрыс жүрмейтін нәрсе, бәрібір дұрыс жүрмейді.

Бұл заңға сәйкес, егер жаман нәрсе болуы керек болса, ол міндетті түрде болады. Оған қоса жағымсыз жағдайдың ең нашарына кезігесіз.

2. Мескимен заңы

Жұмысты жақсы істеу үшін уақыт ешқашан жетпейді. Бірақ жұмысты қайта жасау үшін уақыт табылады.

Мынадай жағдай да болуы мүмкін: сіз соңына дейін маңызды жұмысты істемей, ысырып қоя тұрасыз. Сонан соң жанталасып, кейде қалай болса солай жасап, жұмысты өткіземіз. Әрине, мұндай жұмысты қайтарған кезде, оны  қайтадан жасауға одан да көп уақыт жұмсаймыз.

3. По заңы

Маңызды немесе өткір тақырыпқа байланысты әзілдеген кезде күліп тұрған смайлик немесе әзілді білдіретін белгіні қоюды ұмытпаңыз, өйткені сіздің айтқаныңызды / жазғаныңызды шын деп қабылдайтындар табылып қалады.

Өткір тақырыпқа жазылған кез келген әзіл немесе пародияны шынайы тұжырым деп ойлайтындар міндетті түрде табылады.  

4. Этторе заңы

Көрші кезек ылғи жылдам жылжиды.

Тіпті көрші кезекте заттары көп бес адам тұрып, ал өз кезегіңізде екі адам тұрса да, сізге көрші кезек тез жүріп жатқан сияқты болады. Кассадағы қыз баяу қимылдайды, немесе касса бұзылып қалады, сатып алушы ұсақ монеталар беріп, ақшасын ұзақ санап тұрады.

5. Хлейд заңы

Қиын тапсырманы еріншек қызметкерге тапсырыңыз. Ол тапсырманы орындаудың ең оңай жолын табады.

Бұл қызметкер өз жұмысын қиындатуға ерінеді деп сенейік.

6. Іздеу заңы

Бір нәрсені іздеу керек болса, ешкімнің ойына келмеген жерден іздеуді бастаңыз.

Мысалы, қайшыны қайда қоюыңыз мүмкін? Кір жинайтын себетте жатуы мүмкін емес десеңіз, ол тап сол жерде болатыны анық.

7. Лерман заңы

Кез келген техникалық мәселені, жеткілікті уақыт пен ақша болса, шешуге болады.  

Лерман заңының салдары: сізге ешқашан уақыт пен ақша жетпейді.

Дайындаған Бақытгүл Салыхова

491
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *