Сет Годин

Сет Годин — америкалық әйгілі кәсіпкер, маркетолог және жазушы. Ғаламтор индустриясы дамуына қосқан үлесі үшін Momentum сыйлығын иеленді.

Сенімді маркетинг принциптерін белсенді қолданған оның алғашқы интернет-стартапы YoYoDyne-ды  1998 жылы Yahoo 30 миллион долларға сатып алды. Ал ол өзі осы компанияның вице-президенті болды. 2006 жылы ол тағы бір жоба –  Squidoo-ны іске қосып, кейіннен оны да сатып жіберді.

Годиннің ​​әлемнің 35 тіліне аударылған 18 бестселлер кітабы бар. Сеттің жазушы ретінде ерекшелігі – көркем тілі мен ерекше, таң қаларлық, кейде шошытарлық көзқарасы. Оның «Күлгін сиыр» (орысша баламасы “Фиолетовая корова”) кітабы, әсіресе, танымал болды. Оның пікірінше, жақсы өнім дәл осындай – жарқын, ерекше және есте қаларлық болуы керек.

Ол өз блогында кітаптарында айтылған ойларын жалғастырып ары қарай дамытады. Мысалы, бәсекелестік артықшылықты таңдау туралы айтқанда, Годин сіз бәсекелесетін затқа өз жүрегіңіз бен жаныңызды салуға, өзіңізді өркендеуге жеткізетін тәжірибеге басымдық беруге дайын болуыңыз керек деп кеңес береді.

Ол маңызды жобаларды басқарудың 10 ережесімен бөліседі, егер кәсіпкердің клиенті өзін ақымақ ретінде сезінетін болса, онда ол өз брендін ажалға жеткізетіні туралы айтады, сонымен қатар “Адамдар менің уәделеріме нанатындай, маған сенім арта ма?” деген сұрақ кез келген кәсіп иесінің өзіне қоятын басты сұрағы деп тұжырымдайды.

Ол шешімдер мен бизнес модельдерді ештеңеден қорықпай ұрлауды, клиенттердің айтқанын істемеуге, тіпті егер олар сізге ұнамаса, олардан құтылуды ұсынады.

Осының барлығымен қоса Годин адамдарды қарапайым болуға және өз өзіңізді басқа адамдармен үнемі салыстырмауға шақырады. «Егер сіз өзіңізді басқалармен салыстырмасаңыз, өміріңіз қызыққа толы болады. Абыроймен өмір сүріп, табысты адам болуға әбден болады. Тіпті бұл табысқа жетудің жалғыз жолы деп айтар едім », — деп жазады ол.

Дайындаған Бақытжан Салихов

504
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *