Google эффекті және одан құтылу амалдары

«Google эффектісі» есте сақтауға көп күш қажет ететін ақпаратқа қарағанда, оңай қабылданатын ақпараттың адам есінде нашар сақталатынын көрсететін құбылысты сипаттайды. Бұл эффект деректердің кең ауқымына қол жеткізуді жеңілдететін іздеу жүйесінің атымен аталды.

Мұндай «қарапайым» ақпараттың мысалдары:

• Уикипедия сияқты онлайн энциклопедияларда бар фактілер

• Мобильді қосымшаларда көрсетілетін жаңалық тақырыптары

• Электронды жазу кітапшаларында сақталатын телефон нөмірлері

• Онлайн күнтізбелерде сақталатын атаулы күндер мен туған күндер

• Онлайн сөздіктер арқылы қол жетімді сөз қоры.

Google әсерінің ғылыми дәлелдері бірқатар зерттеулерде ұсынылған. Бір экспериментте қатысушылардан «түйеқұстың көзі миынан үлкен» деген сияқты көпшілікке танымал 40 белгілі фактіні оқып, компьютерде теруді сұрайды. Сонымен бірге қатысушылардың жартысына барлық фактілер компьютерде сақталатыны, ал екінші жартысына олар жойылатыны айтылды. Барлық қатысушылар есте сақтау тестінен өтті. Қатысушылардың екінші жартысы, яғни ақпаратты сақтау үшін компьютерге сүйенбеуге кеңес алғандар қалғандарынан асып түсті. Әлбетте, қатысушылардың бірінші жартысы бұл ұсақ-түйек деректерді есте сақтаудың қажеттілігін сезбеді, өйткені олар ақпарат қажет болған жағдайда оны кез келген уақытта ашып, оқуға болатынына сенімді болды.

«Google эффекті» сіздің өмірлік тәжірибеңізді нашарлата ма?

Кеңінен қарағанда Google эффекті –  миға қажет емес ақпаратты жинауға жол бермейтін бейімделу механизмі. Сенімді телефон немесе компьютер бар болған соң, күрделі фактілерді, сандарды немесе туған күндерді есте сақтаудың не қажеті бар?

Google эффекті шынымен есте сақтау керек ақпаратқа басымдық беруге көмектесе ме? Кейбір ғалымдар біздің компьютерленген ортада тиімді болу үшін дамып келе жатқанымызбен келіседі. Басқалары Google-ге және ұқсас технологияларға тым тәуелділігімізге байланысты әр түрлі қауіп-қатерлерді көрсетеді.

1-қауіп. Тәуелділік.

Техникалық құралдар жадысын қолданудың міндетті шарты –  бұл құралдардың үнемі қолыңызда болу қажеттілігі. Демек, адамдар гаджеттерді үнемі ұстап жүру қажеттілігін сезінеді. Бір затқа «таңылып жүру», «байланып қалу» сезімі күйзеліс пен мазасыздыққа алып келеді. Сонымен қатар технологияға тәуелділіктің басқа күтпеген жанама әсерлері де бар. Кейбір адамдар гаджеттерге сенім артқаны соншалықты, ақпаратты сақтаудың басқа жолдарын қарастырмайды, ал гаджет істен шыққанда немесе жұмыс істемей қалғанда көптеген жылдар бойы жинаған ақпарат пен білінің жойылып кетеді, тіпті кейде қалпына келтіруге де мүмкін болмайды. Кейбір адамдар құпия деректерді немесе құпия сөздерді компьютерде сақтай береді, олар желі қауіпсіздігіне байланысты жалпы қауіптерді елемейді, тіпті түйсінбейді де.

2қауіп. Толыққанды өмірлік тәжірибені ескермеу.

«Google эффекті» өмір сүру сапасын төмендету қаупін тудырады. Интернеттегі ақпараттарға шолу жасай салғанда, адамдар мәтін ішіндегі егжей-тегжей маңызды мәселелерді көрмей қалуы мүмкін.

Сонымен қатар соңғы зерттеулер «Google эффектісінің» суреттерге де қатысы бар екенін көрсетті. Зерттеуге қатысушылар мұражайға экскурсияға барып, екі топқа бөлінеді: біріншісінен мұражай экспонаттарының барлығын суретке түсіруді сұрайды, ал екінші топ өз көргенін суретке түсіре алмай, мұражайды аралап шығады. Осыдан кейін экскурсия кезінде көрген мұражай экспонаттары бойынша екі топқа да тест жүргізіледі. Суретке түсіріп, оны камера жадында сақтағандар, камерасыз топқа қарағанда әлдеқайда аз мәліметті есте сақтаған екен. Осылайша, есте сақтау үшін фотосуреттерді қолдану адамдардың қоршаған әлем туралы түсінігіне әсер етуі мүмкін деген тұжырымдама жасалды.

«Google эффектін» қалай жеңуге болады?

Оңай қол жетімді ақпаратқа қаншалықты тәуелді екендігімізді ескере отырып, «Google әсерімен» күресу және оған тәуелділікті азайту қажеттілігін сезінген боларсыз. Қазіргі технология дәуірінде мына 3 қарапайым стратегия есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі:

Ақпаратты саналы түрде іздеңіз.

Жаңа ақпаратты іздеу кезінде саналы түрде әрекет ету – жадыны жақсарту үшін өте қажет. Бұл стратегия өзін-өзі танумен және өзінің осы жерде және қазір ментальды болуын күшейтуге бағытталған йога жаттығуларын орындаумен байланысты. Бұған осы сәтте келіп түскен ақпаратқа толық назар аудару және алаңдататын факторларды азайту (мысалы, бір сәтте бірнеше тапсырма орындау) да жатады.

Қолмен жазып алыңыз.

Тағы бір стратегия –жаңа ақпаратты жазу. Принтерден ақпаратты қағаз күйінде шығаруды айтып тұрған жоқпыз.  Басқаша айтқанда, баяғы замандағыдай өз қолығызбен қағаз бетіне жазып көріңіз. Ақпаратты синтездеу және сөздерді жазу процесі ақыл-ойдың қатысуына және баяу жұмыс істеуіне әкеледі, бұл өңдеудің терең деңгейіне және есте сақтауды жақсартуға ықпал етеді.

Гаджеттеріңізді үйде қалдырыңыз. Соңғы, алдамшы қарапайым боп көрінетін, кеңес –  телефон, камера немесе компьютер сияқты техникалық құрылғыларды пайдалануды азайту. Егер осындай көмекшілер болмаса, жадыңыздың өздігінен білімді көбірек сақтаудан басқа амалы жоқ болады.

Дайындаған Бақытжан Салихов

676
Share

От bilimpaz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *